«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» соңғы үш жылдың ішінде ауданымыз бойынша талай кәсіпшіл жандардың бизнес кеңістігіне жол ашып, тиімді жақтарымен мол мүмкіндік сыйлап келеді. Мемлекеттің осындай қолдауын бизнес бастамасына айналдырғандардың бірі – Бұлақты ауылының тұрғыны Жұмақұл Жүнісов. ІІ топтағы мүгедек болса да төрт түлікке жаны жақын ағамыз …
Қазіргі уақытта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шын мәнінде ірі жоба екенін ұққандаймыз. Ол бойынша бүкіл ел көлемінде аса ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде біздің ауданда да ұйымдастырылған шаралар аз емес. Жуырда Шамалғандағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласының үш жылдығына арналған жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Қанат Айманов, аудандық білім, …
«Қуантсаң баланы қуант» демекші, оларға көрсетілген ілтипат әрдайым естерінде қалады. Осы ретте Қаскелең қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған қосалқы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін эстрада әншісі Нұрбол Құрманның концерті болды. Волонтерлер жылы аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараның мақсаты анық: аталған интернатта оқитын ерекше балалардың өмірге деген қызығушылығын арттырып, мейірімділік, қайырымдылық пен қамқорлық …
Осы аптаның сәрсенбісі күні ауданымызда басталған шығыс аймақтық біріншілікте жан-жақтан келген 140 бала бас қосып, шаршы алаң үстінде өзара қолғап түйістірді. Ауданымыздың орталығы Қаскелең қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен жарысқа елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарынан келген 2006-2007 жылдар аралығындағы жас боксшылар жиналды. КСРО кезіндегі спорт шебері, ҚР …
В рамках республиканских командно-штабных учений «Коктем-2020» в Карасайском районе, в селе Кемертоган Иргелинского сельского округа, прошли тактико-специальные учения с отрядом экстренного реагирования по спасению условно пострадавших граждан и усилению берегозащитных сооружений на реке Кыргауылды. Руководил ими начальник ОЧС Карасайского района, подполковник гражданской защиты Самат Кенжехан. Учения проводились при участии заместителя акима района Алмасбека Ашимбая, сотрудников …
17 февраля 2020 года заместителем главного санитарного врача страны было подписано постановление «О дальнейшем усилении мер профилактики коронавирусной инфекции в Республике Казахстан», согласно которому с 20 февраля прибывшие из Китая граждане будут изолированы в больницы и помещены на карантин сроком на 14 дней. В последующие 10 дней они будут находиться под особым контролем врачей по …
2020 жылдың 17 ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алуға қатысты шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды. Осыған сәйкес, ақпанның 20-нан бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Алдағы уақытта 10 күн бойы тұрғылықты мекенжайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болады. Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған …
Осы аптаның сәрсенбісінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Жетісу жұртшылығымен жүздесіп, халық алдында есеп берді. Жиын барысында тұрғындар тарапынан көптеген сұрақтар қамтылып, маңызды мәселелердің мән-жайы талқыланды. Сонымен қатар, Амандық Ғаббасұлы көпшілікпен қаншалықты жақын екенін әлеуметтік желімен де байланыстырып, барлық өтініш-тілектер назардан тыс қалмайтынын атап айтты. Облыс басшысы өз есебінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған …
15 ақпан – Кеңес Одағы әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Социалистік және капиталистік жүйенің басқыншылық саясатының кесірінен Ауған жерінде соғыс өрті бұрқ ете түскені белгілі. Сол сұм соғысқа Қазақстаннан 22 мың жауынгер қатысса, олардың қатарында 373 жерлесіміз бар еді. Қанды шайқаста 14 жауынгер қаза болып, ал, 20-сы елге оралған соң көз жұмғанын айта кеткен жөн. …
Әскер – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш қана емес, сондай-ақ, зор мәртебе. «Әскери қызмет – ел Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі» деген сөз әрбір азаматқа рух сыйлайды. Қазақ әскерінде қызмет атқарып, Отан алдындағы борышын орындауда ер жігіттерге аса жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелетіні хақ. Осы …