Аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қорытынды есепті кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Жиынды аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, жиынға облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев қатысты. Алдымен Жандарбек Ермекұлы фойэге қойылған ауданның экономикалық жетістіктері көрмесін, ондағы кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін аралап көрді. Сонымен қатар, аудандағы өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, білім, денсаулық және басқа …
Проблемы жителей комплекса «Асыл Арман» поэтапно решаются. Говорилось о них и на встрече с депутатом Мажилиса Парламента Республики Казахстан Ириной Смирновой, проходившей в Доме культуры села Иргели. В ней также приняли участие заместитель акима района Дулат Сансызбаев и аким Иргелинского сельского округа Кадырбек Атчабаров. Свое вступительное слово Ирина Владимировна начала с воспоминаний о трагедии, произошедшей …
Осы аптаның алғашқы күнінде ауданымызға арнайы іс-сапармен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов келіп, Қаскелең қаласының қос бірдей нысанын аралады. Аудан әкмі Жандарбек Далабаевпен бірге Серік Әбікенұлы алдымен №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен танысса, содан кейін «Қарлығаш» ықшам ауданының тыныс-тіршілігіне ден қойды. Халық қалаулысы балалардың спорт мектебін аралау барысында бірнеше жаттығу залдары мен …
Байтақ даламызды барын салып қорғаған батыр бабаларымыздың сарқыты сынды саңлақ спортшыларымызды әркез мақтан тұтамыз. Ауданымыздың тұрғыны, Азия чемпионатының күміс жүлде иегері Шыңғыс Сандибаев дәл біз сөз етіп отырған жақсылардың жалғасы екені сөзсіз. Кейіпкеріміздің таэквондомен айналысқанына 12 жылдан асты. Осы уақыт аралығында талай байрақты бәсекеде топ жарып, биіктен көрінді. Алғашында жай ғана қызығушылықтың арқасында спортпен шұғылдануға …
Жастар жылының ашылу салтанатына қатысты Жақында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, Астана қаласындағы «EXPO-2017» көрме кешенінің «Нұр әлем» павильонында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өткені белгілі. Оған еліміздегі жас буындардың барлық санатының өкілі қатысты. Олардың ішінде жас кәсіпкерлер, ғалымдар, дарынды оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, спортшылар, әскери қызметкерлер, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» байқауының қатысушылары, …
Өткен аптаның сенбісінде Қаскелең қаласындағы Абай мектеп-гимназиясында аудандағы мектеп оқушылар арасында шахматтан жарыс өтті. Турнирді Қарасай ауданының 90 жылдық мерейтойына арнап, «Белая Ладья» шахмат пен дойбы клубы ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты қарасайлық жасөспірімдердің шахматқа деген қызығушылығын оятып, ойынға деген шеберлігін шыңдау, бос уақыттарын тиімді өткізуге дұрыс бағыт беру және саламатты өмір салтын насихаттау. Бір айта …
Соңғы жылдары қоғамдық тамақтандыру орындарында, түнгі клубтарда, барлар мен казиноларға энергетикалық сусындар мен кальян қолдану көптеп кездеседі. Алайда, тұтынушы аталған өнімдерді қолдану барысында өзінің денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Кальянның түтіні сұйық сүзгіден өтсе де, толығымен түрлі қоспалар мен никотиннен тазармайды. Оның құрамында тұншықтырғыш газдың үлкен мөлшері, ауыр металлдар тұздары мен канцерогенді қосылыстар сақталып қалады. …
Мен туған жер Қарасаз баурайдағы, Жалғанда жер біткеннің балқаймағы. Есім кетіп жүргенде ес білдірген, Жаралған жұлдызым ғой маңдайдағы! Мұқағали Мақатаев. Бір өлеңі бір елдің мұрасындай болған Мұқағали ақынның: Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, Барып қайт салқын самал малды ауылға. Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын, Көресің жолың түсіп барғаныңда. Көресің көк орманын, жылғаларын, Мөп-мөлдір қайнап шыққан …
Біздің елде азаматтардың құқығын сақтау бойынша тиісті жобалар мен шаралар қабылданып жатқаны белгілі. Соңғы жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлес көрсеткіші де едәуір төмендеген. Олар үшін оңтайлы болатындай жаңа жүйенің де маңыздылығы зор. Соның бірі ретінде биылғы жылдың алғашқы айынан бастап іске асып келе жатқан бірыңғай жиынтық төлем механизмін айтуға болады. ҚР Еңбек және халықты …
Биылғы жылғы 26 қаңтардан бастап Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау бағыттағы автожолдарында ақылы қызмет көрсетудің жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйе еліміздегі транспорттық инфрақұрылымын дамытуда жалпы ішкі өнімнің көлемін арттыруға, автожолдарды жөндеу, қалпына келтіру сынды маңызды жұмыстарын жандандыруға септігін тигізеді. Аталған жолдарда негізгі жұмыстар аяқталып, терминалдар орнатылған. Ұзындығы 42 шақырымды құрайтын Алматы-Қапшағай жолымен жүру үшін 100 …