Жамбыл ауылындағы №2 орта мектеп оқушылары «Нұр Отау» қарттар үйіне арнайы барып, концерттік кеш өткізді. Жастар өз өнерлері арқылы мұндағы қарияларды қуанышқа бөлеп, бір сәт көңілдерін сергітті, сый-сияпат жасады. Өнерлерін ортаға салған жастарды қарттар құрметпен қарсы алды. Бұл шара 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған еді. Оқушыларын бастап барған мектептің мұғалімдері жиын басталар …
Ұрпақтың көрегендігі әрдайым қартын құрметтеп, оларға қалтқысыз қызмет ету. Жылына бір рет аталып өтілетін күннің ерекше болуы, жастардың хал-жағдайларын сұрауы қариялар үшін үлкен мәртебе. Әсіресе, мемлекеттік қызметтегі азаматтардың сый-сияпат танытуының өзі ата-апаларымызды айрықша құрметке бөлейді. Осы ретте, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Тұрарбек Ташовтың қарияларды құттықтауын айтуға болады. Ауыл басшысы «MIRAS HALL» мейрамханасында мерекелік дастархан жайып, …
Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Қарасай аудандық орталық ауруханасы 1 қазан –Қарттар күніне орай, іс-шара өткізді. Оның аясында емханада «Қарттарым – қазыналарым!» атты ашық есік акциясында кардиолог, эндокринолог, онколог, маммолог, терапевт,психолог мамандар 65 жастан асқан кісілерге кезектен тыс медициналық кеңес берді. Аймақтық дәрігерлер ҰОС ардагерлеріне үй жағдайында медициналық көмек көрсетті. Олардың қан қысымын өлшеп, әлеуметттік маңызы …
Біз ардагерін ардақтап, қарттарын қадірлеген халықпыз. Өскелең ұрпаққа даналығы мен сабырлығы үлгі болған қарт адамдардың біз үшін орны бөлек. Өздеріңізге белгілі, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Жылда атаулы күнге орай ауданымызда түрлі шаралар жан-жақты өткізіліп жатады. Бұл ретте жүрегі кең, жомарт жандардың қайырымдылық істері де назардан тыс қалған емес. Осындай атымтай азаматтардың бірі – …
«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы, аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясын ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларымен танысып, үй шаруасына жәрдемдесу. Бүгінде аудан 16 Ұлы …
Біздің қарияларымыз – еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары, патриотизм мен іске адалдықты, асқан төзімділік пен табандылықты, қалыптастырушы буын. Қазанның бірі – халықаралық Қарт тар күні болып белгіленген. Бұл тәуелсіз еліміздің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне деген еліміздің үлкен құрметінің, зор қамқорлығының да белгісі. Биыл Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев «Достық» мейрамханасында …
Мемлекет басшысы биылғы жылғы Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің еңбекақы төлемінің жаңа жүйесін пилоттық енгізуді тапсырды. Осы тақырып аясында Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бейсеқұлова Ләззат Мұқатайқызының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Осы жоба бойынша дайындық …
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысындағы жұмыс сапары барысында облыс активімен кездесіп, факторлы-балдық жүйе мен бонустар негізіндегі мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу туралы айтып өтті. Өз сөзінде А.Шпекбаев қызметкерлердің жалақысын 2 есеге арттыру және орталық пен өңірлер арасындағы жалақы айырмасын 70%-дан 10%-ға дейін төмендетудің оң нәтижесін атап …
Жақында Қаскелең қаласындағы Елбасы, партия Төрағасы Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы білім алған Абай атындағы орта мектеп гимназияда, «Нұр Отан» партиясы саяси менедж-мент Академиясының жұмыс жоспарына сәйкес, «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өткізілді. Семинарды «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық лектор Г.Тойлыбаева және партияның Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, …
Кеше, облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Алакөл-Қамқор» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназиясында жақсы бір кездесу өткізілді. Аталмыш отырыста осы жылдың мемлекетттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру міндеттері жайында сөз қозғалды. Оның ішінде «Елбасы Жолдауларының басым бағыттары мен «Мәңгілік Ел» идеясын ілгерілету мақсатында ақпараттық кампанияны ұйымдастыру және өткізу» атты лот аясында әңгіме өрбіді. Жиынды …