Мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды, яғни, әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болады.
«Бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84 – қадамын іске асыру шеңберінде, 2015 жылғы 28 қазанда ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді.
Жаңа бағдарламаның ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бұл маңызды тапсырма жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, ауылдық әкімдіктердің, Жұмыспен қамту орталықтарының (Орталық) қызметкерлеріне жүктелген.
Мемлекеттік көмекті алуға мұқтаж және жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмек ұсыну мәселелері бойынша ақпарат және консультация алғысы келетін азаматтардың негізгі бөлігі Орталықтарға жүгінетін болады. Сондықтан Орталық қызметкерлері мұндай маңызды түсіндіру және ұйымдастырушылық жұмысты алдыңғы қатарға шығарады.
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адам, мемлекеттің оны қиындықтар мен бақытсыздықпен жалғыз тастамайтынын білу тиіс, бірақ, сонымен бірге ол көмекке мұқтаж адам ғана емес. Ол – оның жаңа өмірлік деңгейге шығуына жәрдемдесетін көмектің жаңа түрінің белсенді қатысушысы. Оны түсініп, санасына қабылдау үшін мемлекеттің өкілі болып саналатын Орталық қызметкері және қала, ауылдық округі мамандары оған толық ақпарат беруі, бүкіл маңызды сұрақтарға жауап беруі тиіс. Ол белгілі бір «анықтама бюросы» ғана емес, сонымен қоса жаңа бағдарлама бойынша консультант, насихатшы және үгітшіге айналуы керек.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір ерекшелігі, егер отбасындағы азаматтар еңбек етуге қабілетті болса, онда көмек әлеуметтік келісімшарт негізінде жасалады. Бұл ретте отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға міндетті болады. Егер еңбек етуге қабілетті азаматтар мұндай шаралардан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек отбасындағы балаларға ғана тағайындалатын болады.
Заң жобасына сәйкес, отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері болмаған немесе олар белгілі себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын болса, онда ондай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек келісімшартсыз табыстың мөлшеріне қарай тағайындалады.
Жаңа форматтағы АӘК шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екі түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (мысалы, мүгедектер отбасы немесе егде жастағы зейнеткерлер), немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына объективті себептер бойынша қатыса алмайтын отбасы құрамында еңбек етуге қабілетті мүшелері бар отбасыларға (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғыз басты ана) тағайындалады. Осындай отбасылар үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндетті болып табылмайды.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбек етуге қабілетті адам бар отбасыларға, әлеуметтік келісімшарт жасау және еңбек етуге қабілетті отбасының барлық мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу шартымен тағайындалатын болады.
Аудан бойынша 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету Заңы енгізіліп, оның аясында шартты/шартсыз ақшалай көмек тағайындалуда.
2018 жылғы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша ауданға республикалық және жергілікті бюджеттен 96,0 млн. теңге қаржы бөлінді.
2018 жылғы қаңтар айының 1-нен бастап сәуір айының 1-не дейін аудан бойынша 98 отбасына, оның ішінде 548 отбасы мүшелеріне 6,2 млн. теңгеге шартты/шартсыз ақшалай көмек тағайындалып, төленді.
Ә. ҚЫЙЛЫБАЕВА,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді
Главная » Новости » 100 конкретных шагов » 2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді