Астана уақытымен сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 30,65 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12:00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
1. Абай облысы бойынша – 33,58 %
2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18 %
4. Алматы облысы бойынша – 34,41%
5. Атырау облысы бойынша – 30,66%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 33,61%
7. Жамбыл облысы бойынша – 35,82%
8. Жетісу облысы бойынша – 33,15%
9. Қарағанды облысы бойынша – 34,19%
10. Қостанай облысы бойынша – 37,39%
11. Қызылорда облысы бойынша – 32,78%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 32,43%
13. Павлодар облысы бойынша – 34,26%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,81%
15. Түркістан облысы бойынша – 38,29%
16. Ұлытау облысы бойынша – 34,61%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 34,16%
18. Астана қаласы бойынша – 23,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%
20. Шымкент қаласы бойынша – 19,63%