ҚР Тұңғыш Президентінің «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының қолдауымен және «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қарасай ауданында «100 кітап – Ұлт руханиятының алтын діңгегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай отырысында көтерілген «Ұлттық кітап күні» идеясын қолдау мақсатындағы бұл басқосу – ұлттық әдебиетті насихаттап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Жиын барысында төл әдебиетіміздегі 100 таңдаулы кітапты айқындауға арналған жалпыхалықтық сауалнама туралы ақпарат беріліп, кітаптың ұлт болашағындағы орны мен маңызы кеңінен талқыланды.
Іс-шараға аудандық кітапхана мен ішкі саясат бөлімінің өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері мен қоғам белсенділері қатысып, баяндамалар жасалып, еркін пікір алмасу алаңына айналды. «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжановтың төрағалығымен өткен бұл басқосу – ұлт руханиятына серпін беретін игі істердің бірі. Осындай шаралар арқылы кітапқа деген қызығушылық артып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына жол ашылары сөзсіз.