Қарасай ауданы полиция басқармасының ұйымдастыруымен және музей қызметкерлерімен “Заң мен тәртіп-қоғам қауіпсіздігінің кепілі” тақырыбында жас сақшыларға танымдық іс-шара өткізді.
Бүгін оқушылар қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музейге барып, тағылымды экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен және қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесімен танысты. Музейдегі құнды жәдігерлер мен тарихи деректер оқушылардың қызығушылығын арттырып, рухани-танымдық білімдерін толықтырды.
Ұлы ақынның өнегелі өмірі мен мол мұрасы жас ұрпаққа әрдайым үлгі!

