Жамбыл ауылының ішінен өтетін Алматы – Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолына жылдамдыққа тосқауыл болатын жер төсеніші мен камера қоюды сұраған жергілікті халықтың бұл мәселесін шешуге ауыл белсендісі Ердос Құрақбаев өзі атсалысып келеді.
Қасіретке айналған тас жолдың алдағы жағдайына ауыл тұрғындары алаңдаулы. Оған себеп, соңғы бір жарым жыл ішінде жаяу жүргіншілер жолынан өткен бес адам қайтыс болған, бұған дейін де ажал құшқан тұрғын қаншама. Десе де бұл мәселе халық арасында тек сөз жүзінде қалған соң, Ердос Ақбердіұлы бұл іске нақтылы кіріскен. Алдымен өтінішін ауылдық, аудандық әкімдіктерге, «Аманат» партиясының аудандық филиалына жазған. Жергілікті атқарушы органдар бұл тас жолдың республикалық маңызы болғандықтан сұрағын тиісті департаменттерге жолдағанын ғана айтыпты. Олардан нақтылы жауап болмаған соң, әлеуметтік желі арқылы ағымдағы жылдың ақпан айында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Данияр Әлімбаевтың Қарасай ауданына келетінін көріп қабылдауына жазылған. Халық қалаулысы өз кезегінде бұл сұрақты Ішкі істер мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне жолдапты. Аталмыш Министрлігі жамбылдық азаматтың ұсынысын орынды екенін, жылдамдыққа тосқауыл болатын камера қоюды Алматы облысының жолдарында автоматты тіркеу жүйелерін орнату жобасына енгізілгендігін жеткізді. Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі республикалық жолдарды салу және орнату, ақылы жолдарға ғана бейнекамераларды қоятындығын айтыпты. Алматы облыстық Полиция департаменті автокөлік құралдарының қозғалыс жылдамдығынан асып кетуін реттеу үшін автоматты шектеу жүйесін орнату туралы ұсыныс ескерілді деген жауап келген. Қанша жауап келсе де күн сайын тоқтаусыз сан мыңдаған автокөлік өтетін жолға «ураган» камерасының нақтылы қашан қойылатыны әлі де белгісіз.
Ердос Ақбердіұлы бұнымен тоқтап қалмай «ҚазАвтоЖол АҚ» ұлттық компаниясына барып, аталған мекеменің орынбасары Өмірзақ Маманұлының қабылдауында болған. Мән-жайдың барлығын түсінген соң, «ҚазАвтоЖол АҚ» ұлттық компаниясының бастауымен Жамбыл ауылының ішінен өтетін Алматы – Нұр-Сұлтан – Қарағанды тас жолына жылдамдықты бәсеңдететін жер төсеніші қойылыпты. Сонымен қатар, «Рахат» саяжайынан бастап Жамбыл ауылының шыға берісіне дейін барлық жол белгілері мен жаяу жүргіншілер сызығы қайта жаңартылып, ретке келтіру жұмыстары ағымдағы жылдың 24 ақпан айында аяқталған.
Жылдамдыққа бөгет болатын камераны қою үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасауға Алматы облыстық әкімдігі қаражат бөлу керек екен. Енді жамбылдық белсенді өңірлік әкімдікке барып жай-күйді анықтамақ.
Бұрым ОРЫНБАСАР.
Жамбылдық белсенді жол мәселесін шешу үшін өзі кірісті
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Общество » Жамбылдық белсенді жол мәселесін шешу үшін өзі кірісті