Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және алдын алуға байланысты ауданымыздағы ауылдық округтерінде залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Атап айтқанда, Шамалған, Ұмтыл, Райымбек, Жібек жолы, Бірінші Май және басқа да округтерде толықтай дезинфекциялау жұмыстары атқарылды.
Жоғарыда көрсетілген ауылдардың Мәдениет үйлері, көпқабатты пәтерлері, пошта торабы, ірі көшелері, аялдамалары, мешіттері, банкоматтар орналасқан аумақтары, базар және дүкендер айналасы өңделді. Оған қоса дезинфекциялық ерітіндісі бар жиынтықпен жабдықталған техникалық көліктер адамдар көп шоғырланатын орындарды да шет қалдырған жоқ. Сонымен қатар, мұндағы ойын алаңдары мен дәрігерлік амбулатория ғимараттарының іші және сырты да толықтай залалсыздандырылды. Індет айтып келмейді, «Сақтансаң сақтайды» демекші, бұл атқарылып жатқан шаралардың бәрі тұрғындардың қауіпсіздігі бен денсаулығы үшін.
Бұрым ОРЫНБАСАР.