Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Табиғи отынның бағасы тұрақты
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Табиғи отынның бағасы тұрақты
10:03, 28 января 2022

Табиғи отынның бағасы тұрақты

Қыстың ызғары сезілгенде табиғи отынды қажет ететіндер үшін оның бағасы мен қолжетімділігі өте маңызды. Соңғы уақытта күннің күрт салқындағанын ескеріп, Жібек жолы ауылдық округіндегі көмір сататын тұйық орындарға арнайы баруды жөн санадық. Мұндағы кәсіпкерлермен тілдесіп, сатылым бағасын бағамдап, табиғи отынға деген тапшылықтың бар-жоғына көз жеткіздік.

Бір-біріне тіркелген вагондардың көптігіне қарап, көмірдің баршылық екенін байқадық. Алайда, әрбір тұйық орындардағы сатушылармен жақын әңгімелесе келе бірдей бағаны ести алмадық. Одан бөлек, біреуінде Қарағандының тек «Қаражырасы» болса, кейбірі Семейден келетін «Шұбаркөл» көмірін ғана сатады екен. Бірақ, көбісі бұл екеуінің де сатылымда бар екенін айтуда. Тоғыз жолдың торабындағы табиғи отынды сатумен айналысатындар қазіргі уақытта тапшылық жоқ деп түсіндіруде. Мәселен, «Комир энерго» жеке кәсіпкерлігі өкілінің айтуынша, тұрғындардың тарапынан ешқандай шағым болмаған, бағасы да қолжетімді.
– Бізде баға тұрақты. Көмірге деген ешқандай тапшылық жоқ. Тұрақты тұтынушылар келіп алуда. Бір айта кетерлігі, біз тек «Шұбаркөлді» ғана сатамыз. Оның бағасы 14300 теңге, – деп мәлімдеді аталмыш жеке кәсіпкерліктің сатушысы.
Дәл осындай тұйық орындар сияқты табиғи отынға жауапты Ермұрат Матқұлов көмірдің екі түрін де сататынын айтты. Оның сөзіне сенсек, Семейдің «Шұбаркөлі» де, Қарағандының «Қаражырасы» да бір бағамен беріледі. Яғни, екеуі – 14300 теңгеден. Қазіргі уақытта мұндағы көмірдің сапасы жақсы, халыққа қолжетімді. Олардың тарапынан ешқандай шағымдар түсіп жатқан жоқ.
Ал, «Әлем көмір» базасы «Қаражыраны» ғана сатылымға шығаруда. Оның бағасы – 14500 теңге. Мұнда қызмет ететін Мирас Жолдыбаевтың мәлімдеуінше, халықтың сұранысына қарай көмірдің дәл осы түрі ғана өтімдірек. Сапасы жақсы, тапшылық әзірге жоқ.
Жоғарыда айтылғандардан бөлек табиғи отынды сәл қымбаттау сататындардың бірі «Шамалған-көмір» ЖШС екенін байқадық. Анығын айтқанда, мұнда «Шұбаркөлдің» бір тоннасы 16000-нан болса, «Қаражыра» 15000 теңгеден сатылуда.
Жібек жолы ауылдық округіндегі кейбір тұйық орындардағы көмірдің саудасы осындай. Аспандап кеткен баға да, тапшылық та байқалмайды. Бастысы халық үшін қолжетімді.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru