Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлының кезекті халықпен кездесуінде «Асыл Арман» тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік аялдамасы, жаяу жүргіншілер жолы және жол сапасына қатысты ұсыныстар айтылған болатын.
Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, аялдама жаңартылып қана қоймай, Бисембаев көшесіне дейін толықтай жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынды.
Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша жаңа асфальт жабындысы төселіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасалды.
Бұл — халықпен кездесуде айтылған ұсыныстардың нақты іске асуының нәтижесі.

