Қазіргі таңда мемлекетімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрып отыр. Еліміздің әлемдік үдерістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігінен екені сөзсіз. Осы ретте бүгінде білім берудің бірінші сатысы болып саналатын балабақша тәрбиешілері балалардың тілін дамыту үшін жаңа әдістермен технологияларды қолданып түрлі іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Ондай шара барасында бөбектер қажетті ақпаратты жаңа әрі қызықты тәсілмен алып қана қоймай, сондай-ақ тәрбиешілер де өзара тәжірибе алмаса алады.
Сондай шараның бірі өткен аптаның жұмасы күні Қаскелең қаласында орналасқан «Сандуғаш» бөбекжай-балабақшасының базасында ұйымдастырылды.
«Көрнекі модельдеу мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту құралы ретінде» деген атаумен өткен семинардың барысында арнайы 58 балабақшадан шақырылған тәрбиешілер балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамыту мәселесі бойынша ақпараттық және әдістемелік жолдармен өзара тәжірибе алмасты.
Семинарға қатысушылар «квест» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп, ортаңғы «Қарлығаш» тобының «Қыс қызығы», ересек «Шұғыла» тобының «Көліктер», мектепалды «Балдырған» тобының «Үйшік» тақырыбында ұйымдастырған арнайы сабақтарына қатысты. Оның барысында балалар өздерінің таңдауы бойынша арнайы аймақтарға бөлінген орталықтарда өзінің жеке қабілеті мен ерекшелігіне, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып өздерінің сүйікті істерімен айналысты. Кейбір балалар кітаптарды, иллюстрацияларды қарап, әңгіме құрастырып жатса, кейбіреуі сурет салып, енді біреулері, мүсіндеп, жапсырып, құрастырып жатты. Бұл кезеңде келген тәрбиешілер балаларды оқытудың жаңа әдістерін көріп, оларға ақпаратты қандай жағынан беруге болатындығын бақылады.
Шараның келесі кезеңінде балабақша меңгерушісі М.Бигельдиева қатысушыларға «Өлең» ширату жаттығуын жасата отырып, соңынан қатысушыларға қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріп, іс-тәжірибесін ортаға салу, шығармашылық процесін өрістету, шығармашылық ізденіске тарту мақсатында бес командаға бөліп постер қорғатты.
Семинар соңында «Сиқырлы айна» тақырыбында кері байланыс жасады. Кері байланыста арнайы шақырылған тәрбиешілер балабақша ұжымына шығармашылық табыс тілей отырып, сапалы жұмыстары үшін алғыстарын айтты. Сондай-ақ болашақта басқа да тақырыптарда шебер класс, Ашық есік күнін ұйымдастыруды ұсынды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.
«Сандуғаш» балабақшасында тәрбиешілер тәжірибе алмасты
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Образование » «Сандуғаш» балабақшасында тәрбиешілер тәжірибе алмасты