Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Келіндер бақ сынасқан сайыс
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Келіндер бақ сынасқан сайыс
12:37, 09 июня 2023

Келіндер бақ сынасқан сайыс

Өткен аптада Елтай ауылдық округінің Мәдениет үйінде қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, сәні мен салтанаты жарасқан қазақ келіндерінің арасында «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай 2023» атты аймақтық сайыс өтті.
Береке ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен, Елтай округінің әкімшілігінің демеушілігімен өткен шарада Береке, Жармұхамбет, Көкөзек, Қаратөбе ауылдарының ақылына көркі сай, он саусағынан өнер тамған келіндері өзара сынға түсті. Оның негізі мақсаты қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата-дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келініне тән әдемілік, әдептілік, ізеттілік және ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу болды.
Сайысқа аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ақлия Бекбайқызы, «Анаға құрмет» музейінің ғылыми қызметкері Жанат Мұхтар, аудандық Мәдениет үйінің әдіскері Гаухар Көкебаева қазылық етті. Көңілді өткен сайысқа бір-бір үйдің тіршілігін шыр айналдырып отырған бес келін қатысты.
Халық лық толған залда өнер көрсету қатысушыларға оңай болмады. Төрт бөлімнен тұрған байқауда келіндердің өнері бір-бірінен асып түсті. Бірінші таныстыру сайысында қатысушылар бар өнерлерін ортаға салды. Берілген бес минуттың ішінде өз жақындарымен бірлесе өнер көрсетіп, кішігірім сахналық қойылымдар көрсетті. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» атты екінші кезеңде қатысушылардың бірі аспаптарда ән шырқаса, бірі мәнерлеп жыр шумақтарын оқыды. Енді бірі жанды дауыста ән айтты. «Ақылына күші сай» додасында отағалары қол күресіп, өзара кіл мықтыны анықтады. Соңғы төртінші кезеңде келіндер үй тапсырмасы бойынша өзі айналысатын сүйікті ісінің туындысын қазылар алқасына және көрермендерге таныстырып өтті.
Әр келіннің өзіндік ибалылығы мен инабаттылығы жарасқан сайыста қатысушылар өнері бір-бірінен асып түсті. Ауыл халқының ыстық ықыласына бөленген келіндер өз өнерлерімен көпшілік көңілінен шықты.
Осылайша қазақ келінінің ақылы мен парасаты сынға түскен байқау да өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы үшін «мыңнан тұлпар, жүзден жүйріктерді» анықтаудың қиын болғаны рас. Соның нәтижесінде «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай 2023» байқауында Қаратөбе ауылының Бектұрғановтар әулетінің келіні Аяулым Тұрғанғазинова жеңіске лайықты деп танылды.
Байқауға қатысушылардың барлығы Алғыс хаттармен, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тартымды өткен шара соңында кештің қадірлі қонағы аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Ұлтарақұлына сөз сөйлеп, келіндер сайысы өте жоғары деңгейде өткенін тілге тиек етіп, осындай шаралар отбасылық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы аналардың мәртебесінің артуына сеп болатындығын айтып өтті.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru