Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Балалар қуанышқа бөленді
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Балалар қуанышқа бөленді
15:40, 06 мая 2022

Балалар қуанышқа бөленді

Әрбір бала қашанда бақытты балалықты сезінуі тиіс. Тәуелсіз елде олар мейірімге мұқтаж болмай, еш алаңсыз өмір сүруі қажет деп есептейміз. Ал олардың шат-шадыман күлуіне, асыр салып ойнауына, балдәурен шақтың тәтті екенін сезінуіне әрбіріміз ықпал етуміз керек. Осындай мақсатпен жақында Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы Қаскелең қаласындағы облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатына барып, осында білім алып жатқан бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Бала – өмірдің мәні, отбасының жеміс берер гүлі» деп аталған бұл іс-шара 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен биылғы Балалар жылы аясында ұйымдастырылды. Мерекелік кеште Қаскелең мәдениет колледжі Халық аспартар бөлімінің ұстазы Тейіп Бейсенбеков өзінің шәкірттерімен әуелете ән шырқаса, аталмыш білім ордасының биші қыздары қазақ және өзбек ұлтының билерін билеп, өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, осы колледждің түлегі, түрік азаматы Яша Гусейнов арнайы дайындаған әнін шырқап, мектеп оқушыларын керемет әсерге бөледі.
Мерекелік бас қосуда бүлдіршіндерге арналып тәттілер мен жеміс шырындары таратылды. Жақсы тілектер айтылып, оқушылардың қуаныштары еселене түсті. Осындай балаларға арналған базарлыққа «Якар» ЖШС-нің директоры Римма Қаныбетова, «RG Brands» ЖШС-нің басшысы Артем Пашин сияқты жомарт жандар демеушілік еткенін айта кеткен жөн. Ал мұндай компаниялардың қолдау білдіруіне Қарасай аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ғазиз Малдыбаев үлкен ықпал етті.
Жалпы кештің концерттік бағытта өтуіне Қаскелең мәдениет колледжі мен «Бауыржан-шоу» циркі ерекше үлес қосты. Осы ретте олардың басшылары Саят Ақбасовқа және Бауыржан Төлендиевке ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Одан бөлек, аталмыш колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балжан Қалиқызының, өндірістік жөніндегі орынбасары Болат Жақыппекұлының және мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру бойынша пәні оқытушылары Гүлжаһан Қалдыбайқызының, Нафиса Ақылбекқызының еңбектері елеулі. Оларға да айтар алғысымыз көп.
Бүлдіршіндерді қуантып, татулыққа үндейтін Балалар жылы аясында өтетін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қарасай аудандық Жастар ресурстық орталығы.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru