Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты
10:00, 08 июля 2022

Аудандағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Осыдан біраз уақыт бұрын әлемді оның ішінде біздің елімізді де алаңдатқан коронавирус індеті қайта күшейіп, оны жұқтырған адамдар саны артып келеді. Жақында ғана, нақтырақ айтқанда шілде айының 4-і күні іргемізде орналасқан Алматы қаласында вирусты жұқтырғандар саны көбейіп, ол қайтадан «сары» аймаққа кірді. Қаладағы санитарлық талаптар күшейіп, адамдар көп шоғырланған жерлерде алматылықтарға бетперде тағу қажеттілігі пайда болды. Осы жағдайға байланысты біз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Сатыбековамен сұхбаттасып, ауданымыздағы эпидемиологиялық жағдай жайлы білуді жөн көрдік.
Жалпы басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі күні Алматы облысының эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасының деректеріне сәйкес, коронавирустың таралу қарқыны бойынша біздің ауданымыз «жасыл» аймақта тұр. Бұл ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, шектеу шараларының қажеттілігі жоқ екенін білдіреді. Жалпы Алматы облысы бойынша соңғы екі аптаның ішінде коронавирус инфекциясымен ауырған 58 адам, оның ішінде біздің ауданнан 11 науқас тіркелген. Айта кетейік, 11 қарасайлықтың барлығы дерлік ем алу үшін ауруханаға өздері жүгінген. Статистикаға қарап ауданымыздың қауіпті аймаққа түсетіндігі немесе ауданда карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін дегенге еш негіз жоқ екенін байқауға болады.
– Қазіргі таңда аудандағы ахуал қалыпты. Облысымыз бен ауданымыз бойынша жүргізіліп отыратын статистикаға қарап-ақ біздің аудан іргеміздегі Алматы қаласы сияқты «сары» аймақта еместігіне көз жеткізе аламыз. Сондай-ақ, аудан тұрғындарына ешқандай да шектеу шаралары да қойылмайды. Оның үстіне біздің ауданымызда ондай жағдайды алдын алуға барлық шаралар қарастырылған, коронавирус жұқтыру фактісі тіркелген жағдайда ауданның санитарлық-эпидемиологиялық қызметі мен емхана мамандары жоспарлаған іс-шараларға байланысты әрекет етеді. Дегенмен, сақтық шарасына бей-жай қарауға болмайды. Тұрғындарға жеке бас тазалығын сақтап, сақтық шараларын ұстану керек дегім келеді. Карантин аяқталғанымен, вирус жоғалып кетпейді. Сондықтан қолды сабынмен жиі жуып, адамдар көп жерде сақтық шараларын ұстанғанды жалғастырған жөн, – дейді аталмыш басқарманың басшысы А.Сатыбекова.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru