Елімізде әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы биыл да жалғасын тауып, жаңа оқу жылы қарсаңында «Жақсылық жаса» ұранымен өтуде. Аталмыш игі бастама аясында бүгінде біздің ауданымызда жақсы істер атқарылуда. Сондай игі бастаманың бірі осыдан бір апта бұрын аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен орталық кітапхананың оқу залында өтті.
Шараның шымылдығын аталмыш ұйымның төрағасы Сағындық Жылқыбаев ашып, жиналған ата-аналармен бүлдіршіндерді келе жатқан жаңа оқу жылдарымен құттықтап, еңсесі биік еліміздің өрісі биік азаматтары болуларына шын жүректен тілектес екендігін жеткізді.
– Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – қазіргі таңда мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі болып отыр. Бүгін өткізіп отырған біздің шарамыз да осыны мақсат тұтты.
Жалпы біз мұндай қайырымдылық шараны «Мектепке жол» акцияға орай жылда өткізіп отырамыз. Бұл біздің көмекке мұқтаж қарасайлық ата-аналарға жасаған қолдауымыз деп білеміз, – деді Сағындық Жылқыбаев.
Мұнан кейін кәсіподақ ұйымының төрағасы әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан 24 балаға мектеп сөмкелерін таратты. Әлбетте әрбір сөмкенің іші дәптер, қаламсап, оқушы күнделігі, бояу және еңбек сабақтарына арналған құралдар, ауыз су құйып алатын ыдыс және тағы да басқа заттармен толтырылған.
Шара соңында ата-аналар өз тараптарынан осындай қайырымдылық көмегін көрсетіп, мейірімділік сыйлаған Сағындық Жұмабайұлы мен аудандық кәсіподақ ұйымының мүшелеріне шексіз ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, аталған шараға мұрындық болған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтетін болады.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.
Мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қолдау білдірді
Главная » [:ru]Новости[:kk]Жаңалықтар[:] » Образование » Мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қолдау білдірді