Қарасай ауданының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Жылдамдықты азайт» профилактикалық акциясын өткізуде.
Акция барысында жүргізушілердің белгіленген жылдамдық режимін және жол жүрісі қағидаларын сақтауына, сондай-ақ көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеуге ерекше назар аударылады.
Белгіленген жылдамдық режимін бұзу жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып табылады және оның салдары адам өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Акция шеңберінде прокуратура және полиция қызметкерлері жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылдамдық режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде және жол қозғалысына қатысушыларды жауапкершілік танытуға шақыруда.

