Ә.Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебінің 9–10–11 сынып оқушыларымен мектеп инспекторының қатысуымен құқықтық бағыттағы профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға:
🔹 буллингтің алдын алу және оның зардаптары;
🔹 түнгі уақытта көшеде жүру кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
🔹 жол қозғалысы ережелерін сақтау;
🔹 мектеп формасына қойылатын талаптар;
🔹 сабаққа уақытылы және тұрақты қатысу;
🔹 оқушылардың құқықтары мен міндеттері;
🔹 зиянды әдеттердің алдын алу;
🔹 есірткі тасымалдаудың құқықтық жауапкершілігі;
🔹 құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 ерте жүктіліктің алдын алу;
🔹 қауіпсіздік шаралары мен мектептің ішкі тәртіп ережелері;
🔹 тыйым салынған заттарға қатысты талаптар;
🔹 сыртқы келбет және бояну мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мектеп инспекторымен ашық пікір алмасты.

