Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті). Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі
четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі
12:29, 03 Желтоқсан 2021

Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар ауданның біртуар тұлғаларының бірі – Молдабек Саламатовтың да 100 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Ақын рухын ұлықтау мақсатында жақында Жамбыл ауылында «Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оған өзім де қатысып, керемет кештің куәсі болдым.
Талантты тұлғаны еске алу жиынында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізге алынып, ел есіндегі перзенттердің есімдері өшпес үшін ақын жайлы пайдалы ақпараттар айтылды. Оның осы округке қарасты Батан ауылында 1921 жылы дүниеге келгені, Ұлы Отан соғысына қатысқаны, сонымен қатар, Молдабек Саламатовтың 1946 жылы аудандық газетте редактор болып, ауданның біртуар азаматына айналғаны туралы деректер көпшілікке жеткізілді. Бүгінде ақынның атында Қаскелең қаласында және туып өскен Батан ауылында көше бар.
Рухани жиынның алғашқы сөз кезегі Қарасай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Күлжан Дүйсеноваға беріліп, ол ақынға қатысты пайымды пікірін ортаға салды. Одан бөлек, Жамбыл ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерсұлтан Джұмаханов та сөз алып, осындай іс-шараның жүзеге асуына атсалысқан ұйымдастырушыларға алғысын жеткізіп, Молдабек Саламатовтай белгілі тұлғалар ел есінде мәңгілік сақталатынын айтты.
Бұл әдеби шараға ақынның туған інісі – Молдаханның баласы Жақан Саламатов арнайы шақырылды. Оған әкімдіктің тарапынан иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Ізгі ілтипатқа М.Саламатовтың туысы ыстық ықыласын білдіріп, кештің өтуіне атсалысқан ұйымдастырушы тарапқа үлкен алғысын жеткізді. Сонымен қатар, ақынды еске алу кешіне аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Едіген Жүнісбеков, қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов, Аналар кеңесінің төрайымы Ақылия Бекбайқызы, Қаскелең қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Несіпбала Әбділдаева, білім беру ісінің үздігі Ақлима Көсемова, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев және басқа да аталмыш округтің ардақты ақсақалдары мен әжелері қатысты.
Кештің көркі әсем әуенмен әрленді десем артық айтқаным болмас. Осы ретте Молдабек Саламатовтың жеке авторлық туындысы болып саналатын «Ойнамас ем, ойлатады жүрегім» деген шығармасын ерекше айтуға болады. Әуезді әнді Мерей ауылындағы Мәдениет үйінің директоры Қолғанат Қараманов жүрекке жеткізіп айтып, көпшілікті керемет әсерге бөледі.
Жалпы, жыр кешінің ойдағыдай өтуіне атсалысқан Жамбыл ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Құралай Сайбырованың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Соның ықпалымен еске алу шарасы жұртшылықтың көңілінен шығып, ақынның шығармасы дәріптелді.
Шара ҚАНАТҚҰЛҚЫЗЫ,
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігінің Қарасай аудандық филиалының төрағасы.

Об авторе: naqtygazeti

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

© 2026 "Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru