Құрметті Қарасай» ауданының тұрғындары!
Туған жердің тазалығы – әр тұрғынның жанашырлығынан басталады.
Егер әрқайсымыз өз ауламыздың, өз көшеміздің тазалығына жанашырлық танытсақ, Қарасай ауданы бұдан да көрікті, бұдан да жайлы мекенге айналады.
Сол себепті сіздерді 13 тамыз күні сағат 07:00-да өтетін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына шақырамын.
Бұл күні біз, мемлекеттік қызметшілер, тазалық жұмыстарына шығамыз.
Сіздерді де осы игі іске бейжай қарамай, туған жеріміздің тазалығына бірге үлес қосуға шақырамын.
Тазалық – бір күндік науқан емес, ол – мәдениет, жауапкершілік және болашаққа деген қамқорлық.
Бірге тазалайық. Бірге көркейтейік. Бірге үлгі болайық!
Таза аудан – өзімізден басталады!
Сағат Мәсімақынов,
Қарасай ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы.

