Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан елдегі ауқымды жобалардың бірі – “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы. Бірлікті нығайтатын бұл тазалық ісіне Қарасай ауданының әрбір азаматы атсалысып, айналаны абаттандыруға үлес қосуда. Мәселен, таулы аумаққа жақын тұратын ауыл тұрғындары тау-тастың етегін күл-қоқыстан тазартса, кәсіпорын өкілдері мекеме аумағын реттілікке келтіруде. Одан бөлек басқа да әлеуметтік нысанның қызметкерлері тазалыққа бір кісідей үлес қосып келеді. Мұндай бірлесе атқаратын жұмыстар Қарасай жерін де жүйелі түрде жалғасып келеді.

