Тазалық – ортақ міндет, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ жауапкершілік.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Қарасай аудандық кітапханасының қызметкерлері сенбілікке қатысып, кітапхана аумағын және айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді.
🌱 Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрқайсымыздың күнделікті әдетімізге айналуы тиіс. Таза әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлесімізді қосайық!
Тазалық – тәртіптің бастауы!
Таза Қазақстан – таза болашақ!

