2026 жылғы 20 қараша күні Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қарасай аудандық әкіміндігінде қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға, ұрпақ тәрбиесі мен қоғамдық келісімді дамытуға үлес қосып жүрген Ақсақалдар кеңесі және Аналар кеңесінің мүшелеріне арналған «Татулық пен бірлік» марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында кеңес мүшелерінің қоғамдағы ынтымақты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы еңбектері атап өтілді.

