Президент бастамашыл болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарасай жерінде әдеттегідей «Таза бейсенбі» шарасы ешқашан дәстүрінен жаңылған емес. Күні кеше аталған сенбілік аудан аумағының барлық жерінде өтті. Оған мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің өкілдері қолдау білдірді. Мұндай ауқымды тазалық жұмыстарының бірі Жандосов ауылдық округінде де ұйымдастырылып, оған Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Азамат Жандосов қатысты.
Сенбілік алдында Азамат Серікұлы «Таза Қазақстан» экошарасының маңыздылығын қысқаша сөз етіп, бұл игі бастама тек бір күндік тазалық жұмыс емес, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыратын жанашырлықтың белгісі екенін алға тартты. Сонымен қатар осындай сенбілік жұмыстарына белсене қатысып, экологиялық мәдениеттілікті арттырып жүрген бірқатар белсенділерге Алғыс хаттар табыс етті.
Ауқымды шараға ауыл тұрғындары, жергілікті кәсіпкерлер мен «Әділет» партиясының өкілдері белсене қатысып, бірлесе жұмыс атқарудың үлгісін көрсетті.
Сенбілік барысында ауыл аумағы мен тау бөктерінің табиғи аймағы қоқыстан тазартылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қарасай ауданы бойынша 50-ден астам сенбілік ұйымдастырылса, оларға жалпы алғанда 50 мыңнан астап адам қатысты. Ал шығарылған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі шамамен 800 тоннадан асады.
Өз тілшіміз.

