Елдің ертеңі әрқайсымыздың бүгінгі ұстанымымызға байланысты. Сондықтан қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға бейжай қарамау – әр азаматтың парызы деп есептеймін.
Алдағы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – елдің болашағына әсер ететін маңызды саяси қадам. Бұл – өз таңдауымыз арқылы қоғамдық өзгерістерге үлес қосуға берілген мүмкіндік.
Сайлауға қатысу – тек дауыс беру ғана емес, мемлекетіміздің дамуына деген жанашырлықтың көрінісі. Әрбір азаматтың белсенділігі қоғамдағы оң өзгерістердің негізін қалайды.
Сондықтан барша тұрғындарды алдағы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырамын. Бүгінгі қабылданған шешімдеріміз ертеңгі Қазақстанның келбетін айқындайды.
Ералы РАХМЕТҚОЖАЕВ,
“QBIS” халықаралық мектебі директорының орынбасары.

