Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың тек референдум арқылы енгізілуі халық билігінің нақты көрінісі болып табылады. Мұндай тәртіп әрбір азаматқа елдің болашағына тікелей қатысу мүмкіндігін беріп, қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен легитимдігін арттырады. Сондықтан бұл норманы демократиялық қағидаттарға толық сай әрі қолдауға лайық деп санаймын.
Гүлмира Садыкова,
Қарасай аудандық кітапхана қызметкері.

