Жуырда Қарасай ауданындағы №2 Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық-профилактикалық кездесу өтті.
Қарасай аудандық полиция басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған шараға мектеп әдіскерлері, жаттықтырушылар, психологтар және жас спортшылар қатысты.
Жиын барысында тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті сақтау мен заң талаптарын орындаудың маңыздылығын түсіндіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адамгершілік құндылықтарға тоқталды. Сонымен қатар жастар арасында күш көрсетуге, бұзақылыққа, деструктивті және күмәнді топтардың ықпалына түсуге жол бермеу керектігі ескертілді.

