Алатаудың бөктерінде отырса да аптап ыстықта аптадан аса тіршілік нәрінен тарыққан талдыбұлақтықтар таза суға зәру екенін айтып, мәселенің мән-жайын біліп беруді сұрады. Таза су іздеп табанынан таусылып көрші ауылдарға сабылып жүрген тұрғындардың базынасын Белбұлақ ауылдық округінің әкімі Нұрбол Досымбаевқа жеткізіп, ауылдағы су мәселесінің неден туындағанын сұрадық. Күннің күрт ысуынан өзен суының лайлануына байланысты ауылға келіп …
Бүгінде жастарымыз спортпен шұғылданып, биіктерден көрініп жатқаны қаншама. Айта кетейік, әлемдегі ең танымал спорт түрі – футбол. Жақында Кеген ауылында «Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы» ұйымдастыруымен, футболдан ерлер арасында Кеген ауданының ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Жарыста ауылдық округтерінің азаматтары футбол алаңында бақтарын сынады. Жарыстың салтанатты ашылуында, Кеген ауданының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының директоры Мұқанқожаев …
Мен – Үйсінмін қауға берсең қауға бер, Қан ағызып үйренгем жоқ жаулап ел. Дауы да жоқ, жауы да жоқ, тып-тыныш, Бауырларым біздің асқар тауға кел, – деп жырлаған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев дүниеге келген қастерлі де қасиетті Нарынқол өңірінің бір перзентімін. Кеген мен Райымбек аудандарын тең көремін. Кереге таулы Кеген ауылынан үлкен өмірге қанаттандық. Туған …
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саламатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ жастарды жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы борышы. Жақында Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінде «Ұрпақ тәрбиесі – болашақ тірегі» атты кездесу болып өтті. Аталған кездесуге …
Жақында Кеген аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Кеген аудандық Мәдениет үйінде ғалым, ұстаз Сағатбек Медеубекұлының «Күй күмбірлеп, ән шалқыған» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға Кеген ауданы әкімінің міндетін атқарушы К.Қабылбеков, аудандық мәслихат хатшысы А.Нұғыманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Р.Стамғазиев, ақын Б.Әшірбаев, фотожурналист, «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Әбдірайымұлы, Алматы облысы аудандық кітапханаларының басшылары мен аудан тұрғындары …
Қайта қалпына келгеніне 5 жылға таяған Кеген ауданында бүгінде жақсылық мол. Анығын айтар болсақ, Кеген аудандық ауруханасының ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп, салтанатты түрде пайдалануға берілді. Суы да, дәретханасы да, жылу жүйелері де өз мәнінде жұмыс істемейтін ғимаратты заманға лайық жөндеуден өткізу жөнінде көп жылдардан бері ауыл тұрғындарының ұсыныс, тілегі айтылып келген болатын. Ауыл тұрғындарының …
мерейлі отбасы иесі Әріп Сыбанбаев ағамыз туралы сыр Иә, Отан – отбасынан басталады. Ұлы даламыздың құшағындағы мемлекетіміздің бар жақсылығы шалғай ауылдардағы әрбір отбасыдан құралады. Әрбір жанұя республикамыздың соғып тұрған жүрегі іспетті. Осыған орай көп жылдардан бері мемлекетімізде «Мерейлі отбасы» атты байқау өткізіліп келеді. Ауыл, аудан, облыстан басталған бұл игі шара республикада қорытындыланады. Әр облыс өз …
Алматы облысының табиғаты тумысынан көркем әрі саналуан. Мұнда бірнеше табиғи құбылыстың бедері бар. Осыдан да болар өңірдің туристік әлеуеті жылдан-жылға артып келеді. Ішкі туристерден өзге шет елден арнайы ат арытып келетін саяхатшылар саны көбейіп келеді. Алматы облысына ат басын бұрғандар әсіресе Алатаудың әсемдігі мен табиғатының көркемдігіне тамсанады. Облыстағы танымал туристік мекеннің бірі әрі бірегейі – …
Малшаруашылығының басты мақсаты – жоғары сапалы ет шығару. Сондықтан да малдың жиынтық тобымен жұмыс жасау әдісі, одан ет өнімін молайтып шығаруға бағытталуы қажет. Сондай ақ мал өсімінің қарқындылығымен, жайылымдық шөптің сапалығымен ерекшеленуі маңызды болып табылады. «Қазақстан – 2050» дамуының стратегиялық басымдықтарына сәйкес, аграрлық секторға үлкен үміт және өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында жаңа белсенді технологияларды енгізуге …
На протяжении вот уже семи лет живет в Астане Аида Сарбагысова. Хотя таинство ее рождения связано с Жамбылским районом Алматинской области, но девушка всегда мечтала жить в столице. Теперь она астанчанка. Её давняя детская мечта сбылась после замужества. Аида Сериковна появилась на свет в 1992 году в селе Узынагаш Жамбылского района. Ее студенческие годы были …