Ұмтыл ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
«Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Ауыл тазалығы – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын қолдауға шақырамыз.

