Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Елтай ауылдық округінің Береке орта мектебінде ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тигізетін ықпалын кеңінен насихаттау болды.
Жиын барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің бағыт-бағдарын, олардың қоғамдағы орны мен рөлін жан-жақты баяндап, нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.

