2026 жылғы 12–13 қараша күндері Түркістан қаласындағы Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт: оқу мәдениетін дамыту жолдары» тақырыбында екі күндік семинар өтті.
Аталған маңызды іс-шараға Қарасай аудандық кітапханасының директоры Ұлдархан Қаханқызы да қатысып, кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелеріне арналған пікірталас пен тәжірибе алмасу алаңына қосылды.
Семинардың басты мақсаты – елімізде оқу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуды насихаттау және кітапханалар арасындағы кәсіби байланысты нығайту.

