Қыстың қырауы шалып, жер бетіне қар толассыз түскенде ең маңызды жұмыстың бірі – жолдарды уақтылы тазалау. Қарасай жерінің аумағы ауқымды болғандықтан, бұл іске тыңғылықты қарау әрқашан маңызды. Өйткені аудан шекарасы арқылы республикалық және облыстық тасжолдар өткендіктен, жүретін көліктердің саны көп кездеседі. Сондықтан трассаларды күтіп-ұстау назарда болуы тиіс. Қарасай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің …
Бүгін «Таза Qazaqstan» республикалық экологиялық акциясы аясында “AMANAT” партиясы Қарасай аудандық филиалының ұйымдастыруым тазалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. 🌿 Акцияға 50-ге жуық студент пен оқушылар белсенді түрде қатысып, өздерінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін нақты іспен көрсетті. Олар Үшқоңыр тауының шатқалында тазалық жұмыстарын жүргізіп, бір …
Ел Президенті бастамашыл болған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қарасай жерінде әр сенбіде лайықты түрде насихатталып, айналаны көріктендіру жұмыстары дәстүрлі түрде атқарылуда. Осындай игі істер өткен аптада Іргелі мен Жібек жолы ауылдық округтерінде жүзеге асырылды. Экошараға белсенділік танытқандар «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің маңындағы «Nomad International School» мектебінде және Тұрар ауылында ағаш отырғызып, айналаны тазартуға өз …
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті. Іс-шараға 67 мыңнан астам тұрғын қатысып, өңір бойынша 1243 гектар жер тазартылып, 823 тонна қоқыс жиналды. Сонымен қатар 7 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Акцияға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, мұндай бастамалардың қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы және адамдарды ортақ мақсатқа біріктірудегі маңызына тоқталды. …
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында SDU University аумағында Тазалық Fest экологиялық шарасы өтті. Іс-шара ерекше рух пен бірліктің символына айналып, университет қауымдастығының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін айқын көрсетті. Акцияға 300-ге жуық қызметкер мен студент қатысты. Қатысушылар өз қолымен аумақты тазалап, ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты. Бұл бастама табиғатты аялаудың маңыздылығын насихаттап, жастардың экологиялық …
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Тазалық әр адамнан, әр үйден басталуы керек. «Таза Қазақстан» – бұл бір күндік науқан емес, бұл – өмір салтымыз», – деп атап өткен еді. Президенттің 2024 жылы бастау берген игі акцияның негізгі мақсаты – табиғатқа құрметпен қарауды және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың экологиялық санасын қалыптастырып, …
Сегодня в Алматинской области на кемпинг-площадке близ села Таргап состоялось торжественное открытие масштабной экологической инициативы – road-эстафеты «Taza Qazaqstan». На протяжении недели участники преодолеют более тысячи километров через города Алматы и Шымкент, а также Жамбылскую, Туркестанскую и Кызылординскую области, объединив усилия тысяч активистов «Жастар Рухы» и местных жителей. Эта эстафета – не просто уборка: она …
Бүгін Алматы облысы Тарғап ауылы тұсындағы кемпинг-алаңда ауқымды экологиялық бастама – «Taza Qazaqstan» road-эстафетасының ашылу салтанаты өтті. Бір аптаға жалғасатын ауқымды іс-шара барысында қатысушылар Алматы, Шымкент қалалары және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары арқылы мың шақырымнан астам жолды еңсереді. Жобаға «Жастар Рухы» жастар қанатының мыңдаған белсендісі мен жергілікті тұрғындар атсалысады. Акцияның басты мақсаты – қоғамда жаңа …
Посильный вклад в волонтерское движение вносят и школьники. Один из них житель села Елтай, ученик 11 класса новой комфортной школы Асыл Сатпаев. Примечательно то, что волонтером он стал по примеру своих родителей. Начиналось же всё ещё тогда, когда он учился в пятом классе. Проживают Сатпаевы в селе Елтай одноименного сельского округа, где Асыл и появился …
Қарасай ауданының «AMANAT» партиясының бастауымен, аудандық мәслихат депутаттары Азамат Аширбаев пен Бекжан Сүнбеков, Райымбек ауылдық округі әкімдігі және Қарасай жастарының белсенді қатысуымен Көклайсай аумағында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Акцияға шамамен 40-қа жуық белсенді атсалысып, өзен бойы мен қоғамдық аумақтардан жиналған қоқыстар арнайы көліктерге тиелді. Сондай-ақ, жұмыстарды жеңілдету үшін экскаватор тартылып, қоқыс аршылып жиналды. Нәтижесінде 8 …










