Құсбегілік, атбегілік ұлтымыздың ежелден жалғасып келе жатқан құндылықтары болып табылады. Қиын-қыстау замандарда дәл осы құсбегілік, саятшылық өнерімен жанын баққандар, тіпті бір ауылды асыраған жандар аз емес. Қанымызда бар осы дүниелердің алтын арқау жібек жолын үзбей бүгінгі күнге жалғасып келе жатқаны жұбаныш. Кеген ауданында, «Құлаған жар» тауының баурайында Қазақстандағы алғашқы бүркітші «Жалайыр Шора» мектебінің 35 жылдығына …
Көне ескерткіштер – әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сондай-ақ сол елдің өткені мен бүгінін саралап, келешек ұрпаққа ата-бабаларының тұрмысы мен батырлығы жайлы ақпарат беретін құндылық. Алматы облысына қарасты Кеген ауданы – осындай көне жәдігерлерге толы өңірлердің бірі. Әсіресе, аудан көне үйсін тайпасының жәдігерлеріне бай, оның үстіне мұнда бүгінгі …
Аты аңызға айналған Әлмерек абыз бабамыз Албанның Сары бұтағынан тарайды. Сарыдан Таубұзар (Сүйменді), одан Бозым, Бозымнан Жаншық, одан Әлмерек абыз дүниеге келді. Жазушы Әскер Тойғанбекұлының жинаған деректері негізінде Әлмерек бабамыз 1658 -1754 жылдары өмір сүрген деп көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, Әлмерек бабамыздың өмір сүрген кезеңі Тәуке ханның заманынан басталып, Абылай ханның заманында аяқталды. Тәуке хан …
Жиында Мемлекеттік комиссияның зерттеу, баспа және архив жұмыстарының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Іс-шарада 2023 жылы саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті материалдар мен құжаттар жинағын жарыққа шығару жоспарланғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 1920-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырды. Бұдан бөлек, …
Аптаның сейсенбісі күні өнер саласының қызметкерлері «Ұлттың бас жобасы – рухани жаңғыру» атты ауқымды іс-шараның өтуіне ықпал етті. Бұл күні Мәдениет үйіне келген аудан тұрғындары қазақтың музыкалық аспаптарының үнін естіп, жас қыз-жігіттер киген әртүрлі әдемі ұлттық нақыштағы киімдер мен қолөнершілердің күмістен, теріден, жүннен, қағаздан, бағалы тастардан жасаған бұйымдарын тамашалай алды. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен …
Мұқым қазақты сырлы да нәзік, шынайы мөлдір жырларымен табындырған Мұқағали ақынның проза жанрының төрінде алатын орны бір бөлек. Сөз өнерін жанына жалау еткен, жазу машығын өмірінің өзегіне айналдырған ол өзінің жазған туындыларымен қазақ поэзиясының әлеміне көптеген тамаша туындылар әкелген. Өлең өлкесіне өзінің ерекше үнімен келген ақын қарапайым да асқақ болмысымен, шыншыл да шымыр өлеңдерімен қазақ …
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар ауданның біртуар тұлғаларының бірі – Молдабек Саламатовтың да 100 жылдық мерейтойы аталып өтілуде. Ақын рухын ұлықтау мақсатында жақында Жамбыл ауылында «Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оған өзім де қатысып, керемет кештің куәсі болдым. Талантты тұлғаны еске алу жиынында Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізге алынып, …
Жуырда облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында Қарасай аудандық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қарасай жастары» театры Бақыт Беделханұлының «Рух жыры» поэмасының желісі бойынша, «Жүректің көзі ашылса…» атты поэтикалық драмасына арналған бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу өтті. Баспасөз жиынына Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жакыпбекова, Қарасай аудандық мәдениет және …
История Независимого Казахстана длиною в 30 лет неразрывно связана с выдающейся личностью нашего Елбасы Нурсултана Назарбаева. Именно об этом говорили участники республиканской конференции, проходившей в селе Шамалган, в историко-культурном центре «Атамекен». Ее главная тема – «Путь Елбасы в становлении Независимого Казахстана». Конференция была приурочена к 30-летию Независимости нашей страны. Открыл и вел ее руководитель управления …
Қазақтың қобызын жанына серік етіп, ұлттық аспапты ұрпаққа үйрету жолында аянбай тер төккен қобызшылардың қатарында Роза Құспанованың есімі ерекше аталып жүреді. Әйгілі композитор Ахмет Жұбановтың шәкірті атанған Роза апамыз осы аптада Қаскелең қалалық Мәдениет колледжінде құрметті қонақ ретінде шақырылып, білім ошағының тәлімгерлерімен және жас өнерпаздармен кездесті. Сонымен қатар, бұл кешке ҚР Мәдениет және спорт министрі …