Ана – өмірдің жүрегі. Ана – өмірдің тірегі. «Ана» деген үш ауыз сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр. Өмірге шыр етіп келгеннен бастап, аялап алақанымен мәпелеп өсірген анамызға әрқашан, тіптен өмір бойы қарыздармыз деп білемін. Арулар – асылдылар, ардақтылар, Өмірдің жылуы болып қалмақ бұлар. Арулар – тіршілікке күре тамыр, Өмірді бір-біріне жалғап тұрар, – деп мұзбалақ …
Бүгінгі заман – ізденістің, еңбектің заманы. Тиімді жолдарын тауып, халыққа жайлы қызмет көрсететін іспен айналысқанның тасы өріне домалайтын кезең. Біз сөз еткелі отырған Ерсайын Көбенқұлов – сондай азаматтардың бірі. Кеген ауданындағы Талды ауылының бір перзенті. Әскер қатарынан келген соң Алматы қаласында өз жолын, өз кәсібін, өз нәсібін тауып тұрақтап қалған еңбекқор жан. Соңғы жылдардың аумағында …
Кереге таулы, мөлдір бұлақты, жайқалған құрақты Кеген өңірінде Аршын Нұрбақыт атты талантты ақын, талмас өнер иесі, білімді де білікті режиссер тұрады. Өнердің өзіндік болмыс-бітімі келіскен адамы. Тілге шешен, ойға жүйрік, таланты төгіліп тұрған ақын. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын «кинодраматургия» мамандығы бойынша Дулат Исабековтің шебарханасынан білім алған. Жас дарын өте ізденімпаз, оқығаны, тоқығаны көп. …
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Ауылшаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет», – деп атап айтты. Ауылшаруашылығы саласының аса маңызды бөлігі мал шаруашылығы болып …
Жақында Шиен ауылында волейболдан тұрғындар арасындағы аймақтық жарыс өткізілді. Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы шара ауданның бұқаралық спорттық іс-шаралар орталығының және аталған ауылдық округ әкімі аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды. Шиен орта мектебінің спорт залында өткен жарысқа Қарасай ауданынан, Жамбыл ауданының Ұзынағаш және Дегерес ауылдық округтерінен бір-бір командадан келді. Ал алаң иелері – Шиен ауылының тұрғындарынан үш …
«Жылдың үздік мұғалімі – 2023» облыстық байқауында бірінші орынды жеңіп алған Тақылбек Айтқажы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылындағы №1мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Мұғалімдер күніне байланысты Қонаев қаласында өткен салтанатты жиында оған өңір басшысы жүлдеге автокөліктің кілтін тапсырған болатын. Жүзден жүйрік атанған ұстазға жолығып, жетістікке жетуінің сырына үңілдік. Тақылбек Айтқажы– педагог-зерттеуші, педагогика ғылымдарының магистрі. …
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Жамбыл ауданына жасаған жұмыс сапарында аудан активімен кездесті. Аудан әкімдігінің ғимаратындағы жиын жексенбі күні өткен сайлаудың қорытындысына арналды. Өңір басшысы өз сөзін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аудан әкімдерін тікелей сайлау жөніндегі бастамасынан бастады. Осыған орай 5 қарашада облыста тұңғыш рет екі аудан әкімінің сайлауы өткеніне тоқталды. – Мемлекет басшысы өңірлердегі атқарушы …
Осыдан бір апта бұрын Қаскелең қаласында орналасқан облыстық қан орталығында «Науқас балаларды қорғау!» атты акциясы өтті. Аталмыш шараға Қарасай мен Жамбыл ауданының мемлекеттік қызметшілері, дәрігерлері, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері және аудан тұрғындары атсалысты. Облыстық қан орталығында дәрігер-лаборант Назгүл Қарабасованың айтуынша, казіргі таңда теріс резус-факторының жетіспеушілігі көп кездеседі, дәлірек айтсақ, I және IV қан тобының …
Ауыл – исі қазақтың қарашаңырағы, түп қазығы. Сондықтан шығар, кез келген қазақ баласы өзінің туған жерімен мақтанады. Қара суына шомылып, топырағында аунап өскен әрбір жан үшін киелі мекен бұл. Береке мен бірліктің нышанына баланатын елді мекендегі жергілікті билік пен халықтың ойы бірлесе үндесіп, еңселі істердің жүзеге асқаны қандай көрікті көрініс. Осындай мақсатта бірлесе күш қосып …
15 ноября 2023 года казахстанцы отмечают День национальной валюты – тенге. Она была введена в обращение 30 лет назад – в 1993 году. Название денежной единицы глубоко символичное. Корень исходит от тюркского täŋkä, что означает «монета». Такое слово с незначительными вариациями мы находим у многих древних народов Средней Азии. Так, серебряные данги чеканили в Хорезме …