Бүгін Алматы облысы Қарасай ауданында алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Аппараты басшысының орынбасары Ләззат Бейсенқұлова пен Мемлекеттік корпорацияның Басқарма басшысы орынбасары Шыңғыс Оразалимов қатысты. Айта кетер болсақ, бұрын қызмет алу үшін аудан тұрғындары Алматыға барулары тура келетін. Бұл азаматтарға біраз қиындықтар тудыратын. Енді клиенттер жолға кететін уақытты үнемдейтін болды. …
Жамбыл ауданы Қасымбек ауылының маңында балық шаруашылығының жұмыс істей бастағанына бір жылдан асты. Оны «Алматы Балық-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Оразалы Кенжебаев ұйымдастырған. Кәсіпкер бұл істің өзіне тән қыр-сыры толып жатқанын айтады. Оразалы Нұралыұлы бізге инкубациялық цехтағы арнайы аппаратта уылдырықтан шабақ шығару үрдісін түсіндірді. Шетелден әкелінген уылдырықтан осы аппараттың ішінде 25 күнде балық пайда болып, …
Қарашаның қара жаңбыры төпелемей тұрған жаймашуақ күндердің бірі еді. «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін түсіріп жатқан жерді іздеп шығып, бірден таба алмай біраз әурелендік. Мыңбаев ауылының батыс жағында екенін телефондағы картадан көргенімізбен, елді мекеннен ұзағанда байланыс аясы түгесіліп, мүлдем басқа бағытқа ұзап кеткенімізді жолда кездескен малшыдан біліп, кері бұрылдық. Заманында төселген асфальттан жұрнағы ғана қалған, опырылған …
Ұзынағаш ауылында етік тігетін «Қадам КЗ» атты шағын өндіріс орны жұмыс істейді. Мұнда жылдың барлық мезгіліне арналған аяқ киімдер таза былғарыдан қолмен тігіледі. Қазақтың ою-өрнектері салынған киімнің басқа да түрі ұлттық нақышта орындалуымен ерекшеленеді. Ерлер және әйелдерге арналған аяқ киімдер сапалы әрі сан түрлі. Алғашқы уақытта тек тапсырыспен жұмыс істеп келсе, кейіннен кәсіпорын иесі Әсел …
Үлкендердің отбасылық өмірде көрген-түйгендері, халқымыздың салт-дәстүрі мен жанұя жылуын сақтау туралы әңгімелерінің жастарға берер тағылы мол. Бес бала өсіріп, немере-шөбере сүйіп отырған Дүйсебек ата мен Роза апа Малдыбаевтар әулеті – ауданда үлгілі отбасының бірі. Роза апа өз сөзінде отағасымен 1962 жылы бас қосқанын айтып, келін боп түскен сәттерін есіне алды. – Ата-анамның үйінде еркін өскен …
Қашан көрсеңіз де жүзінен мейірім шуағы төгіліп тұратын бұл кісіні ауданда «Биші апа» атап кеткен. Мейраш апаны көпшілік жақсы таниды. Алайда құжат бойынша есімінің Үмітжан екенін екінің бірі біле бермейді. Тоқсанға таяған апамыз өнерге әлі де құштар. «Би өнері менің өмірімнің өзегіндей болып кетті ғой, балам. Егер сахнаға шақырса қазір де билеуге бармын», – дейді …
Жамбыл ауданындағы төтенше жағдайлар гарнизонының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан қонақүйлер мен жатақханаларда қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында алдын алу шараларын жүргізді. Сақшылар аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы жалға берілетін баспаналарды арнайы рейдпен аралап шықты. Елді мекенде орналасқан қонақүйлер мен жатақханалардың иелеріне жолығып, жалға беріп отырған ғимараттарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін білді. Сонымен қатар онда тұрып жатқан тұрғындар …
Сабыр Досымбекұлы туралы сыр Таулы өңірде бар ғұмырын өткізіп, абыройлы ақ жүзімен зейнет демалысына шыққан, әлі де қатардан қалмай елі-жеріне қызмет жасап жүрген алдыңғы толқын ағаларымыз, қазыналы қарттарымыз баршылық. Бұл орайда Сабыр Досымбекұлының жылы жүзі көз алдымызға келіп тұрады. Соңғы жылдардан бері алғаш Райымбек аудандық, одан соң өз алдына қайтадан қалпына келген Кеген аудандық ардагерлер …
Жанымызбен тебі-реніп, жүрегіміз-бен толғанып айтатындай, Тәуелсіздігімізбен құрдас жастар, шын мәнінде, бақытты. Сол бақтары, бақыттары баянды бола бергей дейміз әрдайым. Кеген ауылында тұратын Ерсариева Айнұр Дәулетқызы 1991 жылы Кеген ауылында дүниеге келген. Өз тұсындағы №2 Кеген орта мектебінің өнегелі, озат оқушыларының бірі болды. Асыл арманының құшағында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін жақсы бітіріп шықты. …
Біз сөз еткелі отырған Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы – Жалаңаш ауылының бір перзенті. Әлі де сол туған ауылынан алыс кетпей туын тігіп, тұғыр етіп, ел мен жер үшін игілікті істерін қамдастырып жүрген айтулы қарлығашы. Қаскелең қаласындағы өз тұсындағы педагогикалық училищенің «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімін бітірген. Мамандығы бойынша бірсыпыра жылдар жұмыс істеді. 2000 жылдан бері қарай кәсіпкерлікпен …