Жамбыл ауылындағы №2 орта мектеп оқушылары «Нұр Отау» қарттар үйіне арнайы барып, концерттік кеш өткізді. Жастар өз өнерлері арқылы мұндағы қарияларды қуанышқа бөлеп, бір сәт көңілдерін сергітті, сый-сияпат жасады. Өнерлерін ортаға салған жастарды қарттар құрметпен қарсы алды. Бұл шара 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған еді. Оқушыларын бастап барған мектептің мұғалімдері жиын басталар …
Ұрпақтың көрегендігі әрдайым қартын құрметтеп, оларға қалтқысыз қызмет ету. Жылына бір рет аталып өтілетін күннің ерекше болуы, жастардың хал-жағдайларын сұрауы қариялар үшін үлкен мәртебе. Әсіресе, мемлекеттік қызметтегі азаматтардың сый-сияпат танытуының өзі ата-апаларымызды айрықша құрметке бөлейді. Осы ретте, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Тұрарбек Ташовтың қарияларды құттықтауын айтуға болады. Ауыл басшысы «MIRAS HALL» мейрамханасында мерекелік дастархан жайып, …
Жыл сайынғы дәстүр бойынша, Қарасай аудандық орталық ауруханасы 1 қазан –Қарттар күніне орай, іс-шара өткізді. Оның аясында емханада «Қарттарым – қазыналарым!» атты ашық есік акциясында кардиолог, эндокринолог, онколог, маммолог, терапевт,психолог мамандар 65 жастан асқан кісілерге кезектен тыс медициналық кеңес берді. Аймақтық дәрігерлер ҰОС ардагерлеріне үй жағдайында медициналық көмек көрсетті. Олардың қан қысымын өлшеп, әлеуметттік маңызы …
Біз ардагерін ардақтап, қарттарын қадірлеген халықпыз. Өскелең ұрпаққа даналығы мен сабырлығы үлгі болған қарт адамдардың біз үшін орны бөлек. Өздеріңізге белгілі, 1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Жылда атаулы күнге орай ауданымызда түрлі шаралар жан-жақты өткізіліп жатады. Бұл ретте жүрегі кең, жомарт жандардың қайырымдылық істері де назардан тыс қалған емес. Осындай атымтай азаматтардың бірі – …
«Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы, аудандық орталық аурухана дәрігерлерімен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, «Қарттарым, аман-саумысың?!» акциясын ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларымен танысып, үй шаруасына жәрдемдесу. Бүгінде аудан 16 Ұлы …
Біздің қарияларымыз – еліміздің алтын қоры, салт-дәстүрдің шырақшылары, патриотизм мен іске адалдықты, асқан төзімділік пен табандылықты, қалыптастырушы буын. Қазанның бірі – халықаралық Қарт тар күні болып белгіленген. Бұл тәуелсіз еліміздің дамуына және қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан аға буын өкілдеріне деген еліміздің үлкен құрметінің, зор қамқорлығының да белгісі. Биыл Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев «Достық» мейрамханасында …
Елімізде қарттар мен ардагерлерге үлкен мән беріліп, оларға жан-жақты қамқорлық жасалуда. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік пен тыныштықтың сақталуына өз үлесін қосқандар нақ осы ардақты да аяулы қарттарымыз екені белгілі. Аудан әкімі Жандарбек Далабаев 1 қазан – Қарттар күніне орай қаскелеңдік қос ардагер аталарымыздың шаңырақтарына бас сұғып, құттықтап қайтты. Яғни, олардың жасаған ерлік еңбегі ел жадынан ешқашан …
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қолға алуымен осы жылдың қыркүйек-қараша айларыда аудандар мен қалалардың ұсынған ауылдарында «Рухани керуен» жобасының ІІ кезеңін өткізу жоспарланған еді. Осы бір игі бастаманы аудан әкімдігі де назардан тыс қалдырмай, ауданымызға қарасты Шамалған және Райымбек ауылдық оркугтерінде аталмыш жоба …
Қазіргі таңда жіті респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау кең таралған аурулар тобы болып саналады. Бұл аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы – ол вакцинация. Тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу мақсатында еліміздің барлық аймақтарында оған қарсы екпе салдыру науқаны жүргізіліп жатыр. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың қыркүйек айында маусымдылық кезеңі басталуына орай, жуырда …
Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданғаны белгілі. Сол мерейлі күн елімізде Қазақстан халқының тілдері күні ретінде жыл сайын атап өтіледі. Осыған орай жер-жерде тілге арналған түрлі іс-шаралар болуда. Өзге ұлт өкілдері арасында тіл білімінен байқаулар, Тіл фестивалі, ашық сабақтар, конференциялар түрінде ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар мемлекеттік тілдің кең қанат жаюына айтарлықтай ықпал етуде. Мәселен, жуырда Қаскелең қаласындағы …