Сүлеймен Демирел университетінде осымен алтыншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан Денсаулық күні акциясы биыл да жалғасын тапты. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шара барысында дәрігерлер тегін кеңестерін берді. Атап айтар болсақ, аудандық орталық аурухананың орта буын қызметкерлері Жұлдыз Алымжанова, Олеся Дәулетбаева, Жансұлу Өмірзақова студенттер мен оқытушылардың қанының қысымын, қанттың және холестеринін …
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту мақсатында ауданымызда көптеген іс-шаралар өтеді. Соның бірі жуырда Алтын ауыл орта мектебінде ұйымдастырылып, оған үлкен отбасының, жартылай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар шақыртылды. Жалпы, аудандық білім бөлімінің бастамасымен өткен «Жүрек жылуы» атты қайырымдылық іс-шарасында алғашқы сөз аталмыш мекеме басшысының орынбасары Әсет Нұрекеновке берілді. Ол жылы …
Осы аптада аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев пен «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат аудан орталығы жанындағы Әйтей ауылына барып, сондағы жаңадан салынып жатқан 1200 орындық, жобалық құны 3,5 млрд. теңгелік мектеп құрылысын аралап көрді, атқарылып жатқан жұмыстармен жан-жақты танысты. Бұл ретте бірге жүрген аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жарас Қатубаев …
Алматы облысы дін істері басқармасының қолдауымен «Рухани керуен» жобасы қазіргі таңда ауданымызда жүйелі жұмыстарды атқарып келеді. Аталмыш іс-шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып, көптеген мәселелердің шешімін табуға септігін тигізуде. Жуырда сондай игі іске бастамашы болып, аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен кезекті жиын болды. Райымбек ауылдық округіне қарасты …
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда ғана жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын ел үшін, қоғам үшін аса маңызды мақаласын, шын мәнінде, ұлт рухының айрықша салтанат құруына бастау, негіз болып отырған ерекше оқиға десек орынды. Тұңғыш Президентіміздің бұдан бұрынғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жақсы жалғасы ретінде көрінетін бұл ерен еңбек өзінің ой тереңдігімен, тарихи …
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстан халқының рухани дамуына үнемі бағыт-бағдар беріп келеді. Атап айтқанда, кез-келген халықтың рухани түлеуіне негіз болатын екі бағыт – тарих пен мәдениетке үнемі қолдау көрсетуде. Тікелей Елбасының бастамасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғанда тарихымыздың ақтаңдақ беттері ашылып, жоғымыз түгенделіп, халқымыздың өткен тарихы ұлттық тұрғыдан жазылуға мүмкіндік алған болатын. …
Талдықорғанда, мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың су жаңа «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты дөңгелек үстел өтті. Елбасы «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне жария еткен мақаласын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырған. Онда Ұлы даланың жеті қыры: «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Қазақстан – алма …
Тұңғыш Президент күні қарсаңында ауданымызда түрлі іс-шаралар ауқымды түрде атқарылып, атаулы мерекеге орай әдебиет пен өнер саласы да назардын тыс қалмады. Соның дәлелі ретінде кеше аудан орталығы Қаскелең қаласының мәдениет үйінде «Ел тірегі – Елбасы» атты І Республикалық рухани жаңғыру фестивалін айтуға болады. Байқауға ұласқан аталмыш шара ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты …
Қандайда бір ісіңіз дөңгеленіп, қарқынды жұмыс жасауға құлшынысыңыз болса, алдымен оны тұрғындарға толықтай насихаттауыңыз керек. Ал, оны жүзеге асыру үшін жарнаманың күші көп керек-ақ. Алайда, жарнаманың жөні сол екен деп көрінген жерге тақтайшалар мен баннерлерді жалауша етіп жалбырата ілудің қажеті шамалы. Олардың ішінде заңсыз ілінгендерін айтпағанда, салықтан жалтарып отырғандары да баршылық. Тіпті, кейбір маңдайша жазбалары …
Тұтас тарихымызға көз жүгіртсек, тағылымы мен өнегесі көп тың деректерге кез боламыз. Қазақ елінің тарихы – келешек ұрпақ үшін ұлттың құндылығы сақталған қайнар көз. Ал, біз тарихи сананы жаңғыртып, ғылым мен білімді серік ете білсек, алынбас қамал жоқ. Түп-тамырын танып, біліп өскен әр қазақтың баласы болашақта ұлтқа қызмет ететін болады. Осыларды негізге ала отырып, Елбасымыз …