Қадірлі, қарасайлықтар, ардақты ағайын! Сіздерді Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл, шын мәнінде, мәртебемізді көтеріп, мерейімізді өсіретін ел өміріндегі ең елеулі мерекенің бірі. Осыдан жиырма бір жыл бұрын Қазақстанның бас қаласы алып Алатаудың баурайынан Сарыарқаның сайын даласына көшірілді. Бұл Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың байыпты бастамасымен жүзеге асқан тамаша оқиға, тарихи …
Жақында, аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың төрағалығымен, аудандық Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Аталмыш кеңестің мақсаты – жастар саясатын жүзеге асыру, олардың проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін табу, нақты жүзеге асыру болып табылды. Жиынға кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Алдымен Жандарбек Ермекұлы жастардың қай заманда болмасын елдің ертеңі, үміт артарлары екендігін …
В этом году наш Елбасы понес двойную утрату. Так уж сложилось, что один за другим ушли из жизни его дорогой учитель – Сейтхан Исаев и одноклассник – Сайлаубек Кыдыралиев. В церемонии прощания с Сейтханом Ахметовичем принял участие и аким области Амандык Баталов. Это был 1958 год, 21-ый выпуск Каскеленской средней школы-интерната имени Абая. Окончили ее …
Белгіленбеген жерде сауда жасау тек біздің ауданда ғана емес, көп шаһардың көшесінен көз алдыңызда көлденеңдейтін көрініс. Ал, қазір тәртіп пен талап, тазалық – бірінші міндет. Бұл тәртіпсіздікпен ауданның атқарушы органдары жыл сайын күрес жүргізіп келеді. Өткен аптаның бейсенбі күні, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ілияс Қалиевтің бастауымен, заңсыз сауданың алдын алуға бағытталған арнайы рейд ұйымдастырылды. Нақтырақ …
Жуырда, ауданымызда әлеуметтік жағдайы төмен қыз-келіншектер мен көп балалы аналарға арналған тегін мамандық курстарын меңгертетін, Әйгерім Түлкібаеваның орталығы алғашқы тәлімгерлеріне кәсіптік білімін растайтын куәліктерін тапсырды. Салтанатты жиынға арнайы қатысқан Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев куәліктерді өз қолымен табыстап, әрі қарай кәсіптерін бастап, жетілдіруге сәттілік тіледі. – Қаламызда күн санап түрлі саладағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын …
Жуырда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан прокуроры Ғалымжан Сәрсенов қабылдау өткізіп, осы орайдағы жиынды аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Марат ашты. Қабылдауға келушілер негізінен сот үкімдерін аяғына дейін орындамаған сот орындаушылары мен рұқсатсыз жасалған жолдар сияқты бірқатар мәселелер бойынша шағымданды. Мәселен, Қырғауылды ауылының тұрғыны Нұрлан Қасымов көршісінің үйінде 30-дан астам …
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен Үкімет БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесін бекіткен болатын. Осылайша, 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні болып ресми түрде жарияланды. Айтулы күннің құрметіне орай, осыдан бір апта бұрын аудан әкімі Жандарбек Далабаев облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен «Жетісу», «СТВ» телеарналарының қызметкерлерін және аудандық «Заман жаршысы» газетінің редакция ұжымын …
28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай, Текелі қаласында «Шұғыла» жас журналистер шығармашылық слеті өтті. Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған шараға қаламды қару еткен ақпарат қызметкерлері қатысты. Шара барысында шаһар басшысы Бақтияр Әлтайұлы БАҚ өкілдерін қарсы алып, қонақтарға ілтипат көрсетіп, бірқатар қаланың көрікті жерлерін аралатты. Сонымен қатар, атқарылған жұмыстарды да атап өтіп, …
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы Талдықорған қаласында қазақ-қырғыз зиялыларының форумын ұйымдастырды, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Жиынға облыс әкімі Амандық Баталов, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасы Президентінің кеңесшісі Сұлтан Раев, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі …
Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысына жетісулықтар барынша атсалысып жатқаны жайлы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтып өтті. Бұл туралы облыс басшысы журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. – Жергілікті қазынадан 1 млрд теңге бөлініп, нақты жұмыс жоспары жасалынуда. Яғни, біздің аймаққа берілген №15 учаскедегі 857 нысанның ішіндегі бізге тиесілі 157 жекеменшік тұрғын үйді қайта қалыпқа …