Күздің қара суығы сезіліп, жылыту маусымы жақындағанда тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарға алынатыны анық. Бұл ретте төтеншеліктердің дабыл қағып, елдің амандығы үшін үй-үйді аралайтынын атап өткен маңызды. Ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап осындай профилактикалық жұмыстар Қарасай аудандық Төтенше жағдай бөлімінің бастамасымен атқарылуда. Жақында мұндай рейдтік шаралардың біріне өзіміз де куә болдық. Оған жергілікті әкімдік өкілдері де …
Жыл сайын аудан әкімінің қатысуымен өтетін есептік кездесулер халық пен билік арасындағы ашық диалогтың алтын көпіріне айналды. Мұндай жүздесулерде тұрғындар тарапынан көтерілетін әрбір өзекті мәселе мұқият назарға алынып, өзінің оң шешімін тауып жатады. Әрине, жылдар бойы жинақталған немесе ауқымды қаржыны талап ететін мәселелердің барлығын бір мезетте шешу мүмкін емес екені белгілі. Десе де аудан бюджетінің …
Цифрлық технологиялар – қоғамның дамуына серпін беріп, күнделікті өмірді жеңілдетудің маңызды құралы. Ал жасанды интеллект (ЖИ) жаңа идеяларды жүзеге асырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға және уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бүгінде цифрландыру арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алу, ақпаратқа жылдам қол жеткізу және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі кеңейіп келеді. Цифрландыру мен ЖИ – инновацияға жол …
Қырғауылды ауылындағы Алтынемел көшесіне асфальт төселіп, жол тұрғындардың пайдалануына берілді. Көлік қозғалысы жиілеп, автокөліктер санының артуына байланысты аталған жолды пайдалану тұрғындар үшін қосымша бағыт ретінде ұсынылып отыр. Бұл жол негізгі көшелердегі көлік қозғалысын жеңілдетіп, кептелісті азайтуға мүмкіндік береді. Тау Самалы көшесімен жоғары көтерілген кезде сол жаққа бұрылып, Бірлік көшесіне, яғни орталық көшеге, сондай-ақ Ақсай және …
Алматы обласы Қарасай ауданы КВ-68 Алмалыбақ-Жетісу жол белгілерінің болмауына қатысты азаматтардан келіп түскен хабарлама бойынша Қарасай ауданының полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері жол ұйымының өкілдерімен бірлесіп, комиссиялық тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою мақсатында қажетті жол белгілерін орнату бойынша тиісті шаралар қабылданып, жауапты жол ұйымына нұсқама берілді.
Қаскелең қаласындағы Мемлекеттік қазынашылық комитетінің қызметкерлеріне «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында марафонның мақсаты, қатысу тәртібі, 7 бағыты және қатысушыларға қойылатын талаптар кеңінен түсіндірілді.
Ұмтыл ауылдық округі аумағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында санитарлық-тазалық шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ауыл аумағын абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Таза бейсенбі» акциясы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады. Ауыл тазалығы – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық жұмыстарын қолдауға шақырамыз.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
«Игі істер марафоны» жобасы аясында «Табиғат жанашыры» номинациясы бойынша «Таза аула – таза орта» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру және тұрғындарды туған жерін таза ұстауға үндеу. Іс-шара барысында жастардың қатысуымен Ұлы Отан соғысының батырларына арнап орнатылған ескерткіштің айналасы тазаланып, аумақтағы қоқыстар жиналып, ағаштардың түптері ретке …
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Қарасай ауданы Ювеналды полиция басқармасы және жастар ресурстық орталығы бірлесіп, Үшқоңыр су шаруашылығы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жастарға құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттер тұратын жатақхананың санитарлық жағдайы, тұрмыстық ахуалы және жалпы жай-күйі тексеріліп, анықталған мәселелер …










