Халықтың қашанда мемлекеттiк аппаратқа деген көзқарасы, сенімі мемлекеттiк қызметтiң сапасымен және қолжетiмдiлiгімен өлшенетіні ақиқат. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге әсіресе, оның ішінде жас мамандарға қойылатын талаптар өте жоғары. Олар бүгінде тек білімді, білікті және әдепті болып қана қоймай, сондай-ақ аудиторияны, қауым жұртты өзіне қарата алатындай шешендік қасиетке де ие болуы керек. Осы ретте жақында Алматы облысындағы …
Өскелең ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру, бұқаралық спорттың ауқымын кеңейтуге елімізде үлкен назар аударылып отыр. Осы бағытта мерекелік күндері және жыл сайын дәстүрлі түрде спорттың бірнеше түрінен ұдайы сайыстар ұйымдастырылып келеді. Бірер күн бұрын сондай ауқымды шараның бірі «Аудандық бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының» бастамасымен Кеген ауданында өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің арасында …
Әр кезде де мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы бірінші кезекте мемлекеттік қызметшінің еңбегіне тікелей байланысты. Осы ретте мемлекеттік қызметті тандаған адамның бойында аса жоғары жауапкершілік, отансүйгіштік қасиет пен елге деген жанашырлық, адамгершілік ұстанымы зор болуы тиіс. Сондықтан қызмет әдебіне жетік, саяси тұрғыда сауатты, саламатты өмір салтына берік, мәдени ұстанымы зор …
Жыл сайын жаздың үшінші жексенбісінде әлемнің көптеген елдерінде «Халықаралық әкелер күні» өткізіліп тұрады. О бастан бұл мерекені атап өтуді анасы қайтқанда алты баланы өзі бағып өсірген әкесінің еңбегін көпке жеткізгісі келген америкалық Сонора Смарт 1910 жылы ұсынып, оны кейіннен Ұлыбритания, Голландия, Франция, Қытай, Жапония елдері қолдаған. Содан бері «Әкелер күні» көптеген мемлекеттерде бекітіліп, отбасылық құндылықтарды …
Ауданымыздың айнасы – «Naqty» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толып отыр екен. Бұл, сөз жоқ, тек редакция ұжымы ғана емес, оның бүкіл оқырманына да ортақ мереке деп есептеймін. Өз басым «Заман жаршысы» (басылымның бұрынғы атауы) газеті редакциясының есігін 2009 жылы тамыз айының бас жағында алғаш рет аштым. Бас редакторы белгілі журналист, марқұм Өтесін Құбиев, ал …
Тәртіп сақшыларының қиын да қызықты қызметін абыроймен атқара білуі үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. Иә, темірдей тәртіпті сақтап, ел тыныштығын сақтау жолында аянбай еңбек етуде полиция қызметкерлеріне жүктелер жауапкершілік жүгін арқалау да оңай емес. Ол үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, лезде …
Жігітке жеті өнер қашанда аздық еткен. Қазақ азаматтарының арасында дарынымен дараланатын, еңбегімен елдің есінде сақталатын жандар аз емес. Оның ішінде әдебиет, спорт, өнер дейтін салаларды санасында жаңғырта білген талант иесін көргенде таңғалмасқа тағы болмас. Бірақ біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміздің бүгінгі қызметтік жолы жоғарыда жіпке тізіп айтқан бағыттарға мүлдем қатысы жоқ. «Неге?» дейсіздер ғой! Ол …
Қоғамда аса жауапты саланың жүгін арқалаған, денсаулықтың сақшысына айналған медицина мамандарының рөлі қашанда зор. Маусым айының үшінші жексенбісі – олардың кәсіби мерекесі. Ақ желеңділердің құрметіне орай осы аптада аудандық Мәдениет үйінде «Кәсібіңе мен сенің бас ием!» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров мереке иелерін құттықтап, жыл көлемінде атқарылған іргелі істерге …
Жылда дүниежүзінде жаз маусымының алғашқы күні, яғни маусым айының бірі әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам – Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілетіні белгілі. Балғын бүлдіршіндерімізге арналған мейрам қарсаңында ауданымыздың орталық Мәдениет үйінде «Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған кеш …
Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келіп, бүлдіршіндеріміз асыға күтетін Балаларды қорғау күні мерекесіне орай ауданымызда көптеген игі жұмыстар атқарылды. Сондай шараның бірі аудан орталығында орналасқан Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінде де өткізілді. Нақтырақ айтқанда, күні кеше ауданымыздағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығы «AZAMATSHA» қайырымдылық қорымен бірлесіп, аталмыш білім ордасында оқитын көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан …