Республика күні қарсаңында әрі «Балалар жылына» орай осы аптада «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Сөйле, сурет!» тақырыбында сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге 1 Май орта мектебінің 8 сынып оқушысы Рахатқан Бөпенайдың шығармалары қойылған. Орталықтың фойесіне жайғасқан көрмедегі шығармалардың бірсыпырасы «Алтын күз», «Таңғы шәй», «Қазақ қызы», «Тау көрінісі», «Теңіз жағасында» тақырыптарындағы акварель, гуашь, пастель пайдаланылып жасалынған. Сонымен …
Білім беру саласының қызметкерлері қоғам алдында ең жауапты міндетті арқалап отыр. Осыған орай, күні кеше Қарасай ауданы педагогтарының төл мерекесі салтанатты жағдайда аталып өтті. Ұстаздар қауымын аудан әкімі Жасұлан Естенов өзі құттықтап, еңбегі еленген жандарды марапаттап, мерейлерін өсірді. Бұл күні қатарда жүріп, қалтқысыз іске кіріскен мұғалімдермен қатар, өз өмірлерін шәкірт тәрбиелеуге арнап, бүгінде бейнетінің зейнетін …
Кәсіпкерлер күніне орай өткен аптада қарасайлық бизнес өкілдері марапатталды. Мереке аясында өз өнімдерін Қарасай ауданына ғана емес еліміздің бар өңірлеріне ұсынып жүрген компанияларды «Атамекен» ҰКП Қарасай аудандық филиалының директоры Орынбай Жанәділ салтанатты түрде құттықтауды жөн санапты. Басқосуға «Атамекен» ҰКП-ы облыстық филиалының эксперті Елена Константинова, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Жанна Жазықпаева және «Amanat» партиясы аудандық филиалының …
Аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясының күні аудан әкімі Жасұлан Естеновтың қатысуымен салтанатты түрде аталып өтті. Жиналғандар ең алдымен «Азат елдің Ата заңы» деп аталатын театрландырылған көріністі тамашалады. Мұнан кейін аудан басшысы сөйлеп, осынау ұлық мерекенің мән-маңызына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар ол өз сөзінде биылғы жылы өткізілген референдум еліміз үшін басты қадам болғанын атап айтып, …
10 тамыз – Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп жырлаған, әлемге танылған ұлы ойшыл Абай күні. Алматы облысында атаулы мерекеге орай көптеген тағылымды шаралар кешені ұйымдастырылды. Өткенге тағзым, болашаққа бағдар ретінде, Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» арналған музейде Абайдың жазықсыз жапа шегіп, зорлық-зомбылық көріп, қуғын-сүргінге ұшыраған ұлы ақынның ұлағатты ұрпақтары жайында бүкпесіз сыр шертілген әсерлі кеш …
Аптаның сейсенбісі астанамыз Нұр-Сұлтан күнін қасиетті Қарасай ауданының жұртшылығы да ақжарма көңілімен, ақ ниетімен сән-салтанатты түрде атап өтті. Еңселі елордамызға арналған мерекелік концерттік шара орталық Мәдениет үйінің алаңына жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік басқосудың шымылдығын Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. – Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, …
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толады. Осынау айтулы мерекеге орай, ауқымды шаралар қолға алынды. Солардың бірі, ҰҚК Авиациялық қызмет басқармасының салауатты өмір салтын ұстанатын әскери қызметшілері өз бастамаларымен Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша велошеру ұйымдастырды. Аталған мерекелік марафонға ҰҚК Авиациялық басқармасының подполковник Талғат Халитов бастаған бірнеше әскери қызметші …
Заложенный дар рано или поздно выведет человека именно на его путь. Так сложилось и в жизни молодого, талантливого журналиста Дидара Мухамадиева. Хотя трудится он в редакции нашей газеты «Naqty» в должности заместителя редактора, его статьи неоднократно печатались в республиканской газете «Егемен Қазақстан», в Алматинской областной газете «Жетысу», а видеосюжеты на злободневные темы можно увидеть в …
Ауданымызда мемлекеттік қызмет саласында ерінбей қызмет істеп, ел игілігі үшін аянбай тер төгіп жүрген азаматтарымыз жетерлік. 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, осындай іскер жандардың қатарында өзінің жақсы нәтижелі жұмысымен алдан көрініп жүрген Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Махатов жайлы айтқымыз келіп отыр. Жастайынан ата-анасының берген жақсы тәрбиесін бойына сіңіріп, адал азамат болып, адамдарға …