Есть в селе Шамалган удивительный музей – историко-культурный центр «Атамекен» Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы. В нём собран богатый материал не только о жизни Елбасы, но и об истории нашего независимого Казахстана и, конечно же, о нашей столице – городе Нур-Султан. – Центр состоит из четырёх экспозиционных залов, – пояснила его директор Адиля Коржумбаева. …
Кавказдықтардың билері батылдықтың, еркіндіктің символы іспеттес. Жігерді жанитын, намысты оятатын Лезгинка биі әлемге кеңінен танымал. «Өнер ұлт пен ұлыс таңдамайды» демекші, қарасайлық жасөспірімдер арасында аталған би түріне қызығушылар көп. Ауданымызда 2016 жылдан бері осы бағытта балалар өз өнерлерін «Азарт» би тобында шыңдап келеді. Сабақтан тыс кезін құр өткізбей, бос уақыттарын өнердің әдемі бағытына арнаған жас …
Үнемі айналасына көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлайтын, мәдениетке баулитын, киелі сахнаның қадірі мен қасиетін жете түсінетін, өмірлерін өнермен өрген жандардың төл мерекесі де қасиетті Қарасай жерінде ұмыт қалған жоқ. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік күніне орай, осы салада тынбай еңбек етіп жүргендер құрметке бөленді. Яғни, кеше аудандық Мәдениет үйінде елімізде енгізілген карантин тәртібіндегі барлық санитарлық …
«Жас жұбайлар», «Оқ сияқты», «Нұрлы арман», «Айтшы, жаным», «Өміріңе немқұрайлы қарама» және тағы басқа да талай лирикалық әндерді әдемі орындауымен өнер сүйер қауымның жүрегіне жол тартқан Дәрібаевтар ансамблін білмейтін қазақ жоқ шығар. Халықаралық отбасы күніне орай, ән көгінде әсем туындыларын қалықтатып жүрген осы қарасайлық өнер ұжымы жайлы айтуды жөн санадық. Ынтымағы жарасқан өнерлі отбасы мүшелерінің …
Қазір елімізде жарияланған төтеше жағдай кезінде халықтың басым бөлігі үйлерінде отыр. Осыны ескерген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі онлайн форматта шаралар өткізуді қолға алған болатын. Бұл бастаманы мәдениет саласында қызмет ететін мамандар бірден қолдап, ел игіліне асатын қашықтан шаралар өткізуді қолға алды. Осы уақытқа дейін республикалық деңгейде танымал өнер майталмандарының қатысуымен концерттер, көрмелер, шебер …
«Көрісу» – қазақтың Наурыз мейрамына қатысты негізгі салтының бірі. Жыл сайын 14 наурызда жамағат «Амал келді – Жыл келді!» деп бір-бірін құттықтап, бір дастарханда дәм татып, ескі жылдан жаңа жылға аман-есен жеткеніне қуанған. Кезінде ұмытылып барып, соңғы жылдары ғана ұлықталып жатқан бұл халықтық мерекенің қазір қайта жаңғырып жатқан жайы бар. Осы ретте аталмыш татулық пен …
Халқымыз-дың қолөнері – көркемдік мән-мағынасы бар өткен тарихымыздан сыр шертетін асыл қазынамыздың бірі. Қолөнер халықтың тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен біте қайнасып жатыр. Сондықтан да шеберлердің туындыларын тұрмысымыздан бөліп қарау мүмкін емес. Ауданымыздың қолөнер шеберлері Бекдайыр Қоңыр Егенұлы мен Нарботанова Анаргүл Жаманқұлқызы отбасымен 35 жылдан бері қолөнермен айналысып, атадан балаға мирас болған өнерді үздіксіз жалғастырып келеді. Қоңыр Егенұлының …
В стенах нашего районного историко-краеведческого музея проводятся разнообразные уроки, выставки, лекции, экскурсии. Мы стараемся привлечь молодое поколение к изучению истории родной страны, пробудить интерес к традициям и обычаям своего народа, а также познакомить с материальной культурой наших предков. Многое говорят сами экспонаты. Одним из таких «рассказчиков» является глиняная посуда бронзового века. Что мы знаем о …
Жуырда «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай танымдық конференция өтті. Қазақ топырағының көкірегі ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге …
Жуырда, орталық кітапханада аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова жыл бойы атқарылған шаралардың жоғары деңгейінде өтуіне үлес қосқан мәдениет, кітапхана, музей, спорт саласының белсенділерімен, сондай-ақ, аудан жастарымен кездесті. Мерейлі жиынның алғы сөзін өзі бастап, қызметкерлердің елеулі істеріне тоқталды. – Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы …