Аптаның сейсенбісі астанамыз Нұр-Сұлтан күнін қасиетті Қарасай ауданының жұртшылығы да ақжарма көңілімен, ақ ниетімен сән-салтанатты түрде атап өтті. Еңселі елордамызға арналған мерекелік концерттік шара орталық Мәдениет үйінің алаңына жиналған көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Мерекелік басқосудың шымылдығын Қаскелең қаласының әкімі Асқар Мұқашев ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. – Астана ең қысқа мерзім ішінде салынып, …
Өлең деген өлкеде өмір сүріп, журналистика саласында қалам тербеген Қуат Қайранбаевтың есімі Жетісу жұртшылығына ғана емес, республикаға да танымал десек артық айтқандық емес. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ардақты ақын ағамыз – талай облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Иә, ақынын ардақтаған елдің руханияты да ғұмырлы болады деп сенеміз. Шығармашыл жанның поэзиясынан …
«Жетісу жұлдыздары – 2022» – жыл сайын облыс деңгейінде өтіп жүрген балалар шығармашылығына арналған үлкен байқау. Ауданымыздың бүлдіршіндері жыл сайын осы конкурсқа барып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Биыл да Талдықорған қаласында Балалар жылына орай XX «Жетісі жұлдыздары – 2022» облыстық балалар шығармашылығы байқауының марапаттау рәсімі мен қорытынды гала-концерті өтті. Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында …
Бұл кісі өзін қатал, талапшыл басшылардың қатарына жатқызады. Алайда, онымен тілдесе қалсаңыз көңіліңіз бірден жадырап, езуіңізге еріксіз күлкі үйіріледі. Өзі талай жас өнерпаздың жарқын болашағына жақсы жол сілтеп жүргенімен, оны сахнада жиі көре бермейсіз. Өйткені, ол ауданның қандай қоғамдық-мәдени шарасы болса да мінсіз өтуі үшін әбігерге түсіп, үлкен жауапкершілікті арқалап сыртындағы қауырт дайындықтың ішінде жүреді. …
Ұтымды сөз айтуға қолданатын, орамды ойды білдіретін мақал-мәтелдің қазақ әдебиетінде алар орны ерекше. Сондықтан осындай нақыл сөздің мағынасын жете түсіну арқылы ұлттық құндылығымызды насихаттаймыз. Осы бағытты мақсат еткен Қарасай аудандық тарихи өлкетану музейінің директоры Серік Қалиев мақал-айтысты дәріптеуден жалыққан емес. Орайы келсе ұтымды ұйымдастырудың ретін табатын ақын ағамыз биыл тағы да қарасайлық оқушылар арасында мақалшылар …
Ағымдағы жылдың 14-29 мамыры аралығында «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне орай ауданда орналасқан Мәдениет үйлерінің ұйымдастыруымен «Мәдениетім – мерейім» атты мерекелік айлық акциясы өтуде. Аталған шараның аясында аудан өнерпаздары Мәдениет үйінің алаңында аудан тұрғындары мен қонақтары үшін тегін концерттер қоятын болады. Өткен аптада алғашқылардың бірі болып «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ұжымы мерекелік бағдарламасын қойып, көпшілік назарына ұсынды. …
Қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Қазақстанда бір шаңырақ астында бір-бірімен тату-тәтті бірлік пен ынтымақтастықта түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде. Қазірде елімізде қазақ тілінде сайрайтын өзге ұлт балаларының мемлекеттік тілге деген құрметін жиі көреміз. Бұл – еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бергі үлкен жетістіктерінің бірі. Солардың қатарында Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта-мектеп гимназиясының оқушысы …
В преддверии Дня единства народа Казахстана в Каскелене, в районном историко-краеведческом музее, состоялась встреча учеников 8 «в» класса средней школы-гимназии имени Абая с представителями трех народов – русского, турецкого и татарского. Открыл и вел ее директор музея, известный акын Серик Калиев. Каждый из приглашенных гостей делился жизненным опытом, давал подросткам свои наставления и особо подчеркивал, …
Болмаған балалық шақ… Дәл осылай аталатын кітапта мейірімге мұқтаж баланың аянышты тағдыры, жанкештілігі, тірі ана мен марқұм әкеге деген сағынышы баяндалған. Бұл кітаптағы оқиғаның басты кейіпкері – жазушының өзі. Бір апта бұрын осы шығарманың авторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек Қарасай ауданына қарасты Мерей ауылындағы А.Макаренко атындағы орта мектебінде құрметті …
Биыл Алматы облысына – 90 жыл. Осыған орай, өткен аптаның жұма күні Береке ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жер жәнатты – Жетісу» атты әдістемелік-тәжірибелік конференциясы өтті. Жетісу өңірінің құрылуынан осы күнге дейінгі даму кезеңі тізбектелген шараға ұйымдастырушы бөлімнің басшысы Күлжан Дүйсенова, Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Махатов, …