Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Жамбыл ауылының №2 орта мектебінде ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Конституциялық реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру, ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына тигізетін ықпалын кеңінен насихаттау болды.
Кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Конституцияға енгізілетін өзгерістердің бағыт-бағдарын, олардың қоғамдағы орны мен рөлін жан-жақты баяндап, нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріліп, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Жиын соңында қатысушылар ел болашағына бей-жай қарамай, қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі екені атап өтілді.

