Бүгін “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында аудан аумағында “Таза бейсенбі” шарасы ұйымдастырылды. Қала мен ауылдық окугтерде атқарылған тазалық жұмысына көптеген жекеменшік және мемлекеттік мекемелер атсалысты. Аталған экологиялық акцияға Ұмтыл ауылдық округінде орналасқан «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» мекемесінің ұжымы да қолдау білдірдіп, өз аумақтарына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізілді.
Жұмыс барысында орталықтың айналасы қоқыстан тазартылып, жиналған қалдықтар шығарылып, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Мұндай іс-шаралар тазалықты сақтауға, аумақты абаттандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

