"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)
Қарасай аудандық апталық қоғамдық-саяси газеті / Карасайская районная еженедельная общественно-политическая газета
  • Негізгі
  • Жаңалықтар
  • Тарих
  • Архив (PDF)
  • Жарнама
  • Байланыстар
December 13, 2025
Home » Жаңалықтар » Зәң мен тәртіп »

Бас прокуратурада Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебайдың қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстық қатерлерді болжау саласындағы заманауи цифрлық және аналитикалық құралдардың тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында қылмыстық қатерлерді ерте анықтауға арналған медиа-кеңістікті мониторингілеу жүйесінің мүмкіндіктері, «e-Өтініш» платформасындағы азаматтардың өтініштерін талдайтын ЖИ-агент және оларды тиімді қарау шаралары, көшедегі қылмысты, сыртқы киберқатерлерді болжауға бағытталған пилоттық жобалар, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында халыққа құқықтық көмек көрсетуге арналған мобильді қосымшалар, «ақылды» қылмыс пен жол-көлік оқиғаларының геокарталары және елдегі прекурсорлар мен химиялық заттардың айналымын бақылауға арналған Таргетинг-орталық таныстырылды.

Сондай-ақ «Цифрлық қадағалау» жүйесі және оның тұлғаларды іздестіру, қылмыстық жазалармен пробацияның орындалуын бақылау, сотталғандарды ресоциализациялау, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істердің заңдылығын талдау бағытындағы функционалдары көрсетілді.

Жүйеге 60-тан астам мемлекеттік органның деректер базасы, «ақылды» бейнекамералар мен дрондар қосылған. Бұл прокурорларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында уәкілетті органдардың өз функцияларын орындауын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді.

Халықтан келіп түсетін сигналдарды талдап, оларға ең ерте кезеңде жедел әрекет ету мақсатында төтенше коммуналдық қызметтерді Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметке(БКДҚ-112) біріктіру бойынша мемлекеттік органдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Президент тапсырмаларын іске асыру аясында Құқықтық статистика және арнайы есепке алукомитетін трансформациялау жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Оның құрылымында 4 ай бұрын Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы құрылды.

Орталықтың негізгі міндеті – қоғамдық қауіпсіздікке төнетін сыртқы және ішкі тәуекелдерді алдын ала анықтауға және қылмыстың алдын алуға бағытталған заманауи болжамдық-талдамалық қызметті жүзеге асыру.

Уәкілетті мемлекеттік органдарға сыртқы криминалдық қатерлер туралы және олардың алдын алу жөніндегі ұсынымдармен 25 хат жолданды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бұрын белгісіз болған қылмыстық әрекеттердің жаңа түрлері мен тәсілдері туралы халық хабардар етілуде.

Бас Прокурор Берік Асылов атап өткендей: «Орталықтың құрылуы – қылмысқа жауап қайтарудан оны алдын ала болжауға көшу жолындағы маңызды қадам. Бұл жасанды интеллект, аналитика және цифрлық шешімдерге негізделген».

Елдегі ғылыми-зерттеу институттарымен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында 7 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аналитикалық және цифрлық шешімдерді енгізуге консультативтік қолдау көрсету үшін депутаттар, IT және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысатын Консультативтік-сараптамалық кеңес жұмыс істейді.

Енгізіліп жатқан аналитикалық және цифрлық құралдар нақты практикалық нәтижелер көрсетуде. Мәселен, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесін Ұлттық Банктің Антифрод-орталығымен, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен банктерден келіп түсетін фрод-инциденттер туралы мәліметтермен біріктірудің арқасында кибер-алаяқтық бойынша қылмыстық істерді тіркеу үлесі 2 есе өсті. Бұл жәбірленушілердің құқықтарын қорғау бойынша іс-шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік берді.

Қылмыстық істер бойынша «Цифрлық көмекші» зияткерлік моделін апробациялау жалғасуда. Бұл модель тергеушілерге тергеуді жоспарлауға, ауызша сөйлеу мен бейне жазбаларды мәтінге айналдыруға, сондай-ақ айғақтарды талдауға көмектеседі. Аталған модельдің көмегімен 76 айыптау актісі, 314 тергеу жоспары жасалып, жауап алу хаттамаларының 67 транскрибациясы орындалды.

Желтоқсан 13, 2025 naqtygazeti

Recent Posts

  • От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере
    От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфереJuly 15, 2026
  • Еңбекшіқазақ ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті
    Еңбекшіқазақ ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өттіJuly 14, 2026
  • ЖИТЕЛЮ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОЗВРАЩЕНО 934 308 ТЕНГЕ
    ЖИТЕЛЮ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОЗВРАЩЕНО 934 308 ТЕНГЕJuly 13, 2026

Popular Posts

  • От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере
    От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфереJuly 15, 2026
  • Дом, где согревают сердца и вселяют надежду
    Дом, где согревают сердца и вселяют надеждуJanuary 16, 2017
  • Новая школа к Новому году
    Новая школа к Новому годуJanuary 16, 2017
← Первое место за сборной Алматинской области
SDU University халықаралық деңгейде маңызды мәртебеге ие болды →

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Категории

  • Жолдау жүгі
  • Мемлекеттік қызмет
  • Цифрлы Қазақстан
  • Ресми бөлім
  • Қоғам
  • Балалар – бақытымыз
  • Заң және біз
  • Мәдениет
  • Жағымды жаңалық
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт
  • Бизнес
  • Ауыл шаруашылығы
  • Төтенше жағдай
  • Жұмыспен қамту
  • Экономика
  • Тазалық. Экология

Танымал жаңалықтар

  • От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере
    От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере July 15, 2026
  • Барлық  іс  бақылауға  алынады
    Барлық іс бақылауға алынады January 28, 2017
  • Баспасөз – 2017
    Баспасөз – 2017 January 25, 2017
  • Добро пожаловать на karasayinfo.kz!
    Добро пожаловать на karasayinfo.kz! January 25, 2017
  • «Қалбибі»  өнер  студиясында
    «Қалбибі» өнер студиясында January 20, 2017
  • Өнерімізді өрісті етіп,  мәдениетімізді өркендетейік
    Өнерімізді өрісті етіп, мәдениетімізді өркендетейік January 20, 2017
  • Өндіріс  орындарын  аралады
    Өндіріс орындарын аралады January 16, 2017
  • О  временной  регистрации  граждан
    О временной регистрации граждан January 16, 2017
  • Новая школа к Новому году
    Новая школа к Новому году January 16, 2017
  • Дом, где согревают сердца и вселяют надежду
    Дом, где согревают сердца и вселяют надежду January 16, 2017

Бізге жазыңыздар

Your message was successfully sent. Thank You!



  



Контакты

+7 (727) 307-95-02

+7 (72771) 2-55-41

zgazeta*mail.ru

ул. Бейсебаева, 96

г. Каскелен, Карасайский район. 040900

Біз картадан

Соңғы жаңалықтар

  • От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере
    От политики помощи к политике возможностей: Аида Балаева о подходе государства к социальной сфере July 15, 2026
  • Еңбекшіқазақ ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті
    Еңбекшіқазақ ауданында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті July 14, 2026
  • ЖИТЕЛЮ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОЗВРАЩЕНО 934 308 ТЕНГЕ
    ЖИТЕЛЮ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ ВОЗВРАЩЕНО 934 308 ТЕНГЕ July 13, 2026
  • АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНЫНА 934 308 ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНЫНА 934 308 ТЕҢГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ July 13, 2026
  • Президент поздравил жителей Райымбекского района с 90-летием
    Президент поздравил жителей Райымбекского района с 90-летием July 11, 2026
  • Подписка на газету
  • Материалдарды пайдалану ережелері
  • Архив (PDF)
Copyright © 2016-2022 Naqtygazeti.kz.