Ауылымыздың көркіне көрік қосу және қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында Шамалған ауылдық округінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға белсене қатысып, ауыл тазалығына өз үлесін қосқан барша тұрғындар мен жастарға алғыс білдіреміз!
Қонаев қаласынан келген Дін істері басқармасының мамандары колледж студенттері арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында сауалнама жүргізді. Іс-шараның мақсаты — студенттердің діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениеті мен қауіпсіздік мәселелеріне қатысты хабардарлығын нығайту. Мұндай шаралар жастар арасында заңдылық пен тәртіп қағидаттарын қалыптастыруға, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға …
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Стоп коррупция!» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық құндылықтарын насихаттау.
Қоршаған ортаны қорғау мен туған өлкемізді көркейту — бәрімізге ортақ міндет. Бүгін ауданымыздың белсенді тұрғындары мен жастары тазалық акциясына біркісідей қатысып, айналаны ретке келтіруге өз үлестерін қосты.
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект пен инновациялық шешімдерді дамыту – экономиканың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына жол ашады. Цифрлық сауаттылықты арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану – болашаққа …
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті дамыту – қоғамның жаңа мүмкіндіктерге қадам басуы. Цифрландыру – тиімділік пен қолжетімділікке жол. Жасанды интеллект – инновация мен дамудың жаңа бағыты. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз. Цифрлық даму – жарқын болашақтың негізі!
Елімізде кеңінен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінде санитарлық тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Бұл бастама — жай ғана біркүндік акция емес, бұл — туған өлкемізге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің көрінісі. Шара аясында ауыл ішіндегі орталық көшелер, саябақтар мен гүлзарлар, қоғамдық орындар және арық …
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру және Іргелі ауылдық округінің әкімі А. Қамалбектің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, округ аумағында рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызмет көрсетіп келген заңсыз қара металл қабылдау пункттері анықталды. Аталған нысандардың қызметін тоқтату және заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту хаттамалары толтырылды. Бірқатар нысан иелеріне …
Елтай ауылдық округіне қарасты Береке ауылында орналасқан мемлекет қайраткері Мәсімхан Бейсебаев есімі берілген білім ошағы таяуда айтулы қуанышқа кенелді. Ғасырдан астам бай тарихы бар, білім мен тәрбиенің алтын ұясына айналған қара шаңырақ ұжымы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды республикалық байқауға белсене қатысқан еді. Табанды еңбек пен шығармашылық ізденістің нәтижесінде мектеп қауымдастығы лайықты деңгейден …
Іргелі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Таза орта — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Туған өлкеміздің тазалығы мен көрікті болуы өз қолымызда. Әрбір тазаланған аула, отырғызылған ағаш пен жиналған қоқыс — таза әрі жайлы болашаққа жасалған маңызды қадам. Барша тұрғындарды туған ауылымызды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамыз! Тазалықты өз …










