Әрбір азаматтың ел өміріндегі маңызды шешімдерге бейжай қарамай, өз ұстанымын білдіруі – жауапты қоғамның белгісі деп санаймын.
Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси дамуына ықпал ететін маңызды кезең. Осындай сәтте әркімнің белсенділігі мен саналы таңдауы ерекше рөл атқарады.
Біз қандай қоғамда өмір сүргіміз келсе, сол қоғамды қалыптастыруға өзіміз де атсалысуымыз қажет. Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағына деген сенімнің көрінісі.
Ұлдархан ӨТЕЕВА,
Қарасай ауданының орталық кітапханасының директоры.

