Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Екі елді мекенде жаңа маршрут ашылды
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Екі елді мекенде жаңа маршрут ашылды
10:52, 22 сентября 2023

Екі елді мекенде жаңа маршрут ашылды

Соңғы уақытта Қарасай ауданында қоғамдық көліктің мәселесі оңды шешіліп, ашылып жатқан маршруттардың саны артуда. Бір апта бұрын №6 «Тұрар – Алтын орда» бағытындағы қоғамдық көліктер іске қосылса, осы аптаның сәрсенбісі Әйтей ауылы мен Қаскелең арасында қатынайтын №3 автобустар жолға шықты.

«Тұрар – Алтын орда» бағытында жүретін қоғамдық көліктер өткен аптада өз жұмысын бастады. Бұл маршрут негізінде бекітілген сызбаға сәйкес Тұрар ауылынан бастап жолға шығуы тиіс еді. Алайда жергілікті халықтың өтініші бойынша автобустар Көлащыдағы жолаушыларды да тасымалдайтын болды.
Ашылған маршрут бойынша қолданыста әзірге 6 автобус бар. Алдағы уақытта жолаушы санының артуына байланысты қосымша көліктер қосылу жоспарда бар. Бұл туралы Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерік Самұратов айтты.
– «Тұрар – Алтын орда» бағытындағы қоғамдық көліктердің жүріс аралығы 25-30 минутты қамтиды. Автобустардың қатарын жолаушы санына байланысты арттыратын боламыз. Маршрут бойынша бұл көліктер «Алтын орда» базарынан бастап Алмалыбақ, Әйтей, Үштерек, Тұрар, Жібек жолы, Көлащы сияқты ауылдарға дейін жүреді. Жол ақысы – 150 теңге, оны қолма-қол немесе құрылғы арқылы банк карталарымен және QR-кодпен де төлеуге болады. Оқушылар үшін 50% жеңілдік қарастырылған, – дейді көлік пен жол саласына жауапты аудандық әкімдіктің өкілі Е.Самұратов.
Ал 20 қыркүйек күні іске қосылған №3 «Әйтей – Қаскелең» бағытында қоғамдық көліктерде жол ақысы 80 теңге деп бекітілген. Өйткені Әйтей ауылы мен аудан орталығының арасында жүретін автобустардың жүріс қашықтығы 12 шақырымды ғана қамтиды. Мұнда да оқушылар үшін 50% жеңілдік бар және төлем жүйесі жоғарыда атап өткендей.
Айта кетейік, Қарасай ауданының әкімдігі субсидиялайтын екі бағытта қатынтайтын автобустардың жүру қызметіне «Алматы облысы бойынша жолаушыларды тасымалдау» ЖШС жауапты. Қоғамдық көліктер 6:00-ден бастап жолға шығады. 22:00-ге дейін жолаушыларды тасымалдайды.
Дидар МӘЛІКҰЛЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru