На днях в селе Кабанбай Урджарского района Абайской области состоялся чемпионат Казахстана по тогызкумалаку среди спортсменов с проблемами опорно-двигательного аппарата и органов зрения. Его участники, а это 70 представителей разных областей страны, состязались в личном первенстве. Житель Каскелена, президент федерации спортсменов-инвалидов Карасайского района «Жігер-М» Тажигали Ходжамуратов в очередной раз подтвердил титул чемпиона. – Третья, четвертая, …
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 30 жыл толады. Осынау айтулы мерекеге орай, ауқымды шаралар қолға алынды. Солардың бірі, ҰҚК Авиациялық қызмет басқармасының салауатты өмір салтын ұстанатын әскери қызметшілері өз бастамаларымен Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша велошеру ұйымдастырды. Аталған мерекелік марафонға ҰҚК Авиациялық басқармасының подполковник Талғат Халитов бастаған бірнеше әскери қызметші …
2013 жылы Тұңғыш Президентінің қаулысымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні болып бекітілді. Сол уақыттан бері атаулы күнді елімізде жылда мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтар, кәсіби мерекелерін тойлайды. Биыл да кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімдігінің бастамасымен үлкен спорттық іс-шара өтті. Аудан әкімдігінің назарынан тыс қалмайтын саламатты өмір салтын қалыптастыру, кеңінен насихаттау мәселелері бүгінде …
Еліміздің оңтүстік астанасында жыл сайын өтіп тұратын ұзақ қашықтықтағы марафонға үзбей қатысып келе жатқан салауатты өмір салтын ұстанушылардың қатарында біздің шекарашыларымыз да бар. Негізі, шекарашылардың спортқа жақындығы ешкімге таң емес. Өйткені, ел шебінің қызметі осыны талап етеді. Ал, қаладағы спортсүйер қауымды өзіне магнитше тартатын марафондардан ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіндегі біздің бірқатар шекарашы …
Еліміздің жарқын болашағы өскелең ұрпаққа тәуелді екені – даусыз мәселе. Тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жастарға үміт артатынын, өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасаудың қажеттілігін атап өтіп, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялаған еді. Осы ретте еліміздің барлық өңірлерінде балаларға арналған әртүрлі іс-шара ұйымдастырылып, көптеген жұмыстар атқарылуда. Сондай шараның бірі таяуда …
Адам өмірінде дене шынықтырудың алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Ата-бабаларымыз айтқан «Тәні саудың – жаны сау» деген қағиданы бекболаттық спортшы қариямыз дәлелдеген сыңайлы. Әсте жетпіс бес жастағы адамды аяғын ілбіп басатын жасы ұлғайғандар санатына жатқызамыз ғой. Бірақ, бұл жастағылардың бәрі бірдей емес екен. Оған бекболаттық Бұлар Мирмановтың жүгіруден …
Алда келе жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ауданымызға қарасты Шамалған ауылдық округінде орналасқан «Úshqońyr» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі алғашқы рет марафон ұйымдастырды. Оның барысында 250-ге жуық жас спортшы саламатты өмір салтын насихаттап, белсенділік танытты. 2,5 шақырымдық марафон Жібек жолы-Мақатаев көшесінің қиылысынан басталып, аталған спорт …
«Жетісу бөрісі» деп аталатын турнирдің іріктеу кезеңі 2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Аудан ішінде қазақ күресін дамытып, насихаттауды мақсат еткен түйе балуандардың белдесуі биыл да жалғасын тапты. Аудан әкімінің жүлдесі сарапқа салынған «Қарасай бөрісі» аудандық турнирі өткен аптаның сенбісінде ұйымдастырылды. Оған кіл мықты деп танылған 18 жастан асқан, салмағы 90 келіден жоғары әр …
Өткен аптаның жұмасы күні аудан әкімі Жандарбек Далабаев таяуда өткен Азия чемпионатында ауданымыздың ғана емес, сондай-ақ, еліміздің атын шығарған қаскелеңдік жас спортшы Тимофей Патошовқа Алғыс хат табыс етті. Газетіміздің өткен санында Иордания мемлекетінің астанасы – Амман қаласында жастар арасындағы бокстан өткен Азия чемпионатына жерлесіміз Тимофей Геннадийұлының қатысқанын және құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанғандығын жазған едік. …
Әлемдік ареналарда мемлекеттің абыройын арттырып жүрген мақтаныштарымыз жетерлік. Сондай саңлақ спортшылардың арасында қаскелеңдік Тимофей Патошов та бар. Жақында жерлесіміз Иордания елінің Амман қаласында өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатына қатысып, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Боксты серік еткен табанды Тимофей бұл әлемдік додаға Қазақстан құрамасының атынан 92+ салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қарсыластарына дес бермеген қарасайлық спортшы …